Нарық

Ақтаулық тұрғыннан салық қарызы үшін көлігі тәркіленді

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Ақтаулық азаматтан салық қарызы үшін көлігі тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлемегендерге қатысты шара қолдана бастады.

 

Полиция қызметкерлері және сот орындаушыларының көмегімен борышкерлердің автокөліктері көшеде ұсталып, айыппұл тұрағына жеткізіледі.

 

Мәселен, салық қарызы 750 мың теңгеден асатын Ақтау тұрғынының автокөлігі айыппұл тұрағына жеткізілді.

 

Көлік Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, Әкімшілік полиция және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы қызметкерлері жүргізген рейд барысында тәркіленді.

 

Көлік құралдарына салынатын салықтар бойынша берешегі бар автомобильдерді анықтау және арнайы айыппұл тұрағына қою бойынша рейд жүргізу кезінде 2019 жылдан бастап 2020 жылға дейін салық бойынша берешегі үшін «Mersedes» маркалы автомобиль тоқтатылды. Аталған темір тұлпар иесінің көлік салығы бойынша қарыздың жалпы сомасы 750 мыңнан астам теңгеге жеткен.

 

Қарызды өтегенге дейін көлік полицияның арнайы айыппұл тұрағында болады.

 

Рейд жыл соңына дейін жалғасады.

 

 

 

 




Көрілген: 544    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.09.2021, 17:24

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қыркүйек, 14:20
    Доллар бағамы тағы өсті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31