Нарық

Алакөлге қатынайтын ұшақ билетінің бағасы қанша

  • https://informburo.kz/

    https://informburo.kz/

Алакөлге ұшатын әуе рейстері туралы белгілі болды.

 

«SCAT әуе компаниясы» АҚ сыйымдылығы 50 адамдық Bombardier CRJ200 типті әуе кемесімен субсидияланатын мына рейстерді орындайды:

 

Нұр-Сұлтан – Үшарал – Нұр-Сұлтан бағытында 27 мамырдан бастап аптасына 7 рет. Жолаушыны бір жаққа тасымалдау тарифі – 16 000 теңге.


Алматы – Үшарал – Алматы бағытында 28 мамырдан бастап аптасына 7 рет. Бір жаққа билет құны – 10 000 теңге.

 

«Оңтүстік аспан» АҚ сыйымдылығы 50 адамдық АН-24 әуе кемесімен субсидияланатын мына рейстерді орындайды:

 

Алматы – Үржар – Алматы бағытында 23 мамырдан бастап аптасына 7 рет. Жолаушыны бір жаққа тасымалдау тарифі – 14 000 теңге.


Нұр-Сұлтан – Үржар – Нұр-Сұлтан бағытында 23 мамырдан бастап аптасына 7 рет. Жолаушыны бір жаққа тасымалдау тарифі – 16 000 теңге.

 

«SCAT әуе компаниясы» АҚ өтінімі бойынша қыркүйек пен қазан айларында жиіліктің азаюын ескере отырып, Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Үшаралға аптасына қосымша 7 рейске көшіру мәселесі қарастырылуда, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

 

Сондай-ақ министрлік 2020 жылға бөлінген субсидия көлемін ұлғайту және халықтың туристік қажеттілігін қанағаттандыру үшін Алматы – Жезқазған – Алматы, Нұр-Сұлтан – Балқаш – Нұр-Сұлтан, Нұр-Сұлтан – Үшарал – Нұр-Сұлтан бағыттарында қосымша рейстерді шілде айынан бастап іске қосу мәселесін пысықтауда.

 

24.kz

 




Көрілген: 557    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.06.2020, 11:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31