Нарық

Алдағы екі-үш жылда еліміздегі 30-дан астам күре жол ақылы болмақ

  • Алдағы екі-үш жылда еліміздегі 30-дан астам күре жол ақылы болмақ

    Алдағы екі-үш жылда еліміздегі 30-дан астам күре жол ақылы болмақ

 Жалпы ұзындығы 11 мың шақырымды құрайтын еіміздегі барлық күре жолдар алдағы 2-3 жылда ақылы болмақ. Бұл жөнінде «Қазавтожол» ұлттық компаниясының өкілдері айтты. Тораптарда үйреншікті өткел тоспасы, арнайы ақша қабылдайтын құрылғылар болмайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.


Жол ақысын алдын ала ұялы телефон, арнайы қосымша арқылы өтеу жолдары қарастырылған. Барлық жиналған қаржы тасжолдардың күтіміне жұмсалады.


«Алдағы екі-үш жылда біз ақылы жолдары желісін тағы 32 жолға арттырамыз. Олардың жалпы ұзындығы 11 мың шақырымды құрайды. Қазіргі кезде конкурстық шаралар өтуде. Көз үйренген өткел тоспалары, ақша жинайтын құрылғылар болмайды деген жоспарымыз бар. Сондықтан алдын ала төлеу жүйесі енгізілмек», – дейді «Қазавтожол» ҰК АҚ «ақылы автомобиль жолдары дирекциясы» филиалының директоры Асхат ОҚАСОВ.


Айта кетейік, бүгінде елімізде 682 шақырымды құрайтын 4 ақылы жол бар. Олар: Нұр-Сұлтан – Шортанды, Нұр-Сұлтан – Теміртау, Алматы – Қапшағай және Алматы – Қорғас жолдары.


Almaty.tv


 




Көрілген: 421    Пікірлер: 0

жексенбі, 21.07.2019, 13:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31