Нарық

Әлемде алюминий қымбаттады. Қазақстан осы металды экспорттайды

  • Әлемде алюминий қымбаттады. Қазақстан осы металды экспорттайды

    Әлемде алюминий қымбаттады. Қазақстан осы металды экспорттайды

Әлемдік нарықта алюминий қымбаттап, 10 жыл бұрынғы рекордты жаңартты. Лондон биржасында металдың үш айдан кейін жеткізілетін вьючерстерінің тоннасы 2770 долларға саудаланған.

Үш күн бұрын 2726 доллар еді. Сарапшылардың көбі бағаға Гвинеядағы төңкеріс әсер етті деген болжам айтады.

Қазақстан да бұл металды экспорттаушылардың қатарында. Жыл басынан бері елден 120 мың тоннадан астам аллюминий экспортталды. Оның жалпы сомасы 250 мың доллардан асады. Металды негізінен Түркия, Грекия, Хорватия, Черногория және Өзбекстан елдері импорттайды. Биыл алты айда Түркияға 66 мың тоннадай, Грекияға 18, Хорватияға 15 мың тоннадай алюминий жеткізілген. Черногорияға 10 Өзбекстанға 3,8 мың тонна сатылыпты. Жалпы жыл басынан бері алюминий 40 процентке қымбаттаған. Сарапшылар Гвинеядағы төңкеріс оның құнын одан әрі шарықтатып жіберуі мүмкін деп алаңдайды. Себебі әлемдік өндірістің төрттен бірі осы елдің үлесінде.

24.kz




Көрілген: 772    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.09.2021, 10:30

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31