Нарық

Әлеуметтік қызметкерлердің лауазымдық еңбекақысы екі есе өседі

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Қазақстанда 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік сала қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы 50% өсті. 2022 жылы лауазымдық жалақы 25%, ал 2023 жылы тағы 25% көбейеді.

 

Бұл мақсатқа мемлекеттік бюджеттен алдағы үш жылға 95 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады ЕХӘҚМ баспасөз қызметі.

 

ҚР Үкіметінің биылғы 12 қаңтарда өткен отырысы аясында «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы қабылданды, оған сәйкес өз қызметін стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде, үйде қызмет көрсету ұйымдарында, уақытша болу ұйымдарында және жұмыспен қамту орталықтарында жүзеге асыратын басшы құрам мен негізгі персоналдың (әлеуметтік қызметкерлер, педагогтар, медицина қызметкерлері және т.б.) лауазымдық жалақысын үш жыл ішінде арттыру көзделген.

 

Нәтижесінде 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап осы қызметкерлердің лауазымдық айлықақысы 50%, 2022 жылы ағымдағы мәннен 25%, 2023 жылы тағы 25% өседі.

 

Қаулыда сондай-ақ қолданыстағы қосымша ақының мөлшерін базалық лауазымдық жалақының 30%-інен лауазымдық жалақының 40%-іне өзгерту жолымен стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі МӘМ-де, үйде қызмет көрсету және уақытша болу ұйымдарында жұмыс істейтін әкімшілік және қосалқы персонал үшін жалақыны арттыру көзделген.

 

Осы мәселені іске асыру әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің еңбекақы деңгейін білім беру және денсаулық сақтау салалары қызметкерлерінің жалақысына жақындатуға мүмкіндік береді, бұл кадрларды сақтауға және халыққа сапалы әлеуметтік қызмет көрсетуге ықпал ететін болады.

 

 

 

24.kz




Көрілген: 932    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.01.2021, 11:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қаңтар, 12:05
    Доллар бағамы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31