Нарық

«Алматы жастары 3.0» тұрғын үй бағдарламасына жеңілдік енгізілді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

«Алматы жастары 3.0» бағдарламасымен баспана алуға ниетті жастар үшін «қалада тіркеуде болу» талабы алынып тасталды. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Twitter-де жазды, деп хабарлайды   ҚазАқпарат тілшісі.


«Алматы жастары 3.0» жеңілдетілген несие бағдарламасымен тұрғын үй алуға ниетті жұмыс істейтін алматылық жастарға қалада тіркеуде болу талабы алынды. Осы себепке байланысты қабылданбаған өтініштер қайта қаралады. 22 маусымнан өтінімдерді қабылдаудың екінші кезеңі басталады»,– деп жазды қала әкімі.

 

Айта кетейік, бағдарлама бойынша несиені өтеу мерзімі 3 жылдан 25 жылға дейін, төлем қабілеттілігіне қарай есептеледі. Бастапқы төлем - 10%.

 

Бағдарламаның мақсаты – бюджет саласындағы жас қызметкерлерге қолдау көрсету (35 жасқа дейін). Бұл – мұғалімдер, дәрігерлер, университет оқытушылары, мәдениет, спорт саласының өкілдері, журналистер мен ғалымдар.

 

Жалпы, Алматыда 8,4 мың көппәтерлі тұрғын үй қоры бар. Бұл, елдегі ең үлкен көрсеткіш.

 

Тұрғын үйге сұраныс жыл сайын артуда. Бүгінде 25 533 азамат баспана кезегінде тұр. Бұл, өткен жылмен салыстырғанда 4,5 мың адамға көп.

 

Былтыр Алматыда 3162 адам баспанамен қамтамасыз етілді, оның ішінде 520 көпбалалы отбасы мен 114 балалар үйінің түлектері бар. Сонымен қатар, 2019 жылы 1050 жұмыс істейтін жастар жалдамалы пәтер кілттерін алды.


 




Көрілген: 399    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.06.2020, 10:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31