Нарық

Алматыда ең көп сұранысқа ие мамандықтар аталды

  • https://www.youtube.com/

    https://www.youtube.com/

Алматыдағы халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлова мегополисте ең көп сұранысқа ие мамандықтар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Алматыда жұмыс орындарының қажетті қоры бар. Нұр-сұлтан мен Алматы қалалары бос жұмыс орындар саны бойынша көш бастап келеді. Бүгінде слесарь, дәнекерлеуші, темір-бетон құрылымдарын құрастырушы, электрик, жүргізуші, жүк тиеуші, аула сыпырушы, газбен дәнекерлеуші сияқты жұмысшылар кәсіптері аса сұранысқа ие. Сондай-ақ қызмет көрсету саласының қызметкерлері мен медицина қызметкерлеріне де қажеттілік бар», – деді Диляра Иманқұлова.

 

Оның айтуынша, әсіресе әлеуметтік жұмысқа сұраныс жоғары.

 

«Жыл басынан бері 695 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналасты. Бұл ретте мемлекет ең төменгі жалақыны (42 500 тг) субсидиялайды. Ал жұмыс беруші өз тарапынан қосымша ақы белгілейді. Кейде оның мөлшері 70-90 мың теңгені құрайды. Мемлекет үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс істейтін мүгедектерге ерекше қамқорлық көрсетеді. Олар үшін әкімдік шешімімен 63 750 теңге жалақы белгіленген. Қазіргі уақытта әлеуметтік жұмыс орындарында 695 адам еңбек етіп жүр, оның 456-сы мүгедек»,– деді спикер.

 




Көрілген: 536    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.05.2020, 17:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31