Нарық

Алматыда газ бен су 10% арзандайды

  • © BAQ.KZ

    © BAQ.KZ

Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мәлімдеді.


«Бүгінгі күннің өзінде 100 аса кәсіпорын Мемлекет басшысының жалақыны көтеру туралы бастамасын қолдады. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасып жатыр. Жаңа жылдан бастап бюджеттік мекемелердегі 25 мың жұмысшы мен жекеменшік мекемелердегі 19 мыңнан астам жұмысшының жалақысы өседі», - деді Байбек.


Ол «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы прокуратурамен бірлесіп жүргізген тексеру нәтижесінде монополистер алматылық тұтынушыларға 4,5 млрд теңгені өндіріп беретін болды.


«Жалпы, үш жыл ішінде тарифтерді тұрақтандыру мақсатында қала 6 млрд теңгені субсидиялап, тарифтерге ауыртпалық түсірместен, бюджет есебінен 800 км астам желіге жөндеу жүргізілді. Олай болмағанда, алматылықтар жылу үшін 35%, кәріз үшін 1,6 есе, су үшін 2,5 есе қымбат тариф бойынша ақша төлейтін еді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап газ, су, кәріз тарифтері 10%, лифт қызметі тарифі 7%, жылумен жабдықтау тарифі 6% арзандайды», - деді Байбек.


 


 BAQ.KZ




Көрілген: 633    Пікірлер: 0

жұма, 07.12.2018, 16:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31