Нарық

Алматыда қай ауданда автотұрақ бағасы қымбаттайтыны хабарланды

  • http://www.matritca.kz/

    http://www.matritca.kz/

2021 жылдың 1 наурызынан бастап 1501 аумағында сараланған тариф іске қосылады. Енді алматылықтар базар айналасындағы тұрақ орындарын пайдаланғаны үшін сағатына 150 теңгеден төлейтін болады.

 

Бұл жөнінде Aparking (Алматының ақылы автотұрақтары жөніндегі жоба) компаниясы өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

 

Бұл шара қаланың ең проблемалық учаскесінде жүргізушілер үшін бірқатар орын босатуға мүмкіндік береді. Жүргізушілер базар айналасына машиналарын күн ұзаққа қоймайтын болады. Себебі, бұл тиімсіз, деп жазылған хабарламада.

 

"2020 жылы базар айналасына машина қоюдың орташа ұзақтығы үш сағатты құрады. Бұл Алматы&ndash1 немесе Тастақтағы көтерме базарлардағы ақылы автотұрақтармен салыстырғанда екі есе көп", - деп атап өтті Aparking компаниясы.

 

Қазір 1501 аймақта 317 тұрақ орны бар.

 

"Бір тұрақ орнының орташа айналымы күніне 2,6 автомобиль. 2017 жылы бұл көрсеткіш жеті көлік шамасында болған. Таңертең немесе түскі қарбалас уақытында базар маңындағы автотұрақтардың жүктемесі 100 процент болады", - деп жазылған хабарламада.

 

Сараланған тариф &ndash "сұраныс неғұрлым көп болса, тұрақ орнының бағасы да соғұрлым қымбат немесе сұраныс болмаса, арзан" принципі бойынша орындар жүктемесін реттеу әдісі.

 

 

 

 

sputnik.kz

 




Көрілген: 1662    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.02.2021, 17:20

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30