Нарық

Алматыда үйді қолма-қол ақшаға сатып алушылар азайған

  • https://almaty.tv/

    https://almaty.tv/

Алматыда жылжымайтын мүлікке деген сұраныс өсті. Әсіресе жаңадан салынған үйлерді сатып алу көрсеткішкі артқан.


Тұрғын үй нарығын саралаушы агенттіктердің мәліметінше, Алматыдағы жаңа үйлердің 1 шаршы метрінің орташа құны 380 мың теңге.


Алматыда үй қымбат. Жаңасын айтпағанның өзінде, 60-70 жылдары салынған ескі үйлердегі пәтерді сатып алудың өзі қиын. Баспана бағасы үйдің орналасқан ауданына да байланысты болады.


Мысалы, қаланың төменгі жақтарында, яғни Түрксіб пен Алатау аудандарында ескі үйдің 1 шаршы метр 200 мың теңгеден жоғары. Ал орталықтағы Медеу мен Бостандық аудандарында дәл сонда ескі пәтерлердің шаршы метрі екі есе жоғары болады.


Үй қымбат болғандықтан сатып алушылар негізінен ипотекаға жүгінуге мәжбүр.


Анар Медеу, риэлтор:


- Үйді қолма-қол ақшаға сатып алушылар саны аз. Олар негізінен несие рәсімдейді немесе ипотекалық бағдарлама көмегіне жүгінеді.


2019 жылдың 10 айында қалада 11 292 пәтер пайдалануға берілді. Мемлекетік бюджет қаражаты есебінен 18 мыңға жуық шаршы метр үй салынды.


Жалпы Алматы қаласы республика бойынша тұрғын үй салу қарқыны бойынша көш басында келеді. Қазірдің өзінде қалада 112 жаңа тұрғын үй кешені бой көтерді. Ал оларға қол жеткізу жолы әртүрлі.


Галина Ярошенко, Қазақстан риэлторлары қауымдастығының өкілі:


- Жаңадан салынып жатқан үйлердің бағасы оның іргетасы қаланған сәттен бастап арзан болады. Бірқатар құрылыс компанияларының сондай ұсыныстары бар. Ал, «Баспана-хит» бағдарламасы қосылғалы бері нарықта ескі үйлерді сатып алу үлесі де біршама өсті.


Нарықта саудаға түсетін ескі немесе жаңа пәтерлердің 80 пайызы «7-20-25» және «Баспана-Хит» бағдарламалары арқылы рәсімделеді. Мамандардың айтуынша, келесі жылдың басында үй бағасы өсуі ықтимал.


 24.kz




Көрілген: 365    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.11.2019, 09:41

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31