Нарық

Алматыға төмен бағамен ет жеткізіле бастады

  • https://wikicity.kz/

    https://wikicity.kz/

Алматыда базардың орташа бағасынан төмен бағамен қосымша ретінде жоғары сапалы ет өнімін жеткізу басталды. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.

 

Бұл қала әкімдігі мен "Асыл Ет" сауда белгісі бар MPS (Meat Processing and Services) Қазақстан компаниясы арасында жасалған екі жақты меморандумның арқасында іске асырылып отыр.

 

Қала дүкендерінде аталған өнім белгіленген баға бойынша сатылады. Өлшеніп оралған сиыр еттінің 1 келісі 1950 теңгені құрайды.

 

Бағаның төмендігі өнімді жергілікті өндірушінің өзі өндіретініне, сондай-ақ делдалдар тізбегінің болмауына негізделіп түсіндіріледі. Бұл ретте, дүкендердің үстеме бағасының шегі жай кездегі 15%-ға қарағанда, бар-жоғы 7%-ды ғана құрайды.

 

Соңғы 2 айдың ішінде, біз қала бойынша, оның ішінде, жергілікті ауылшаруашылығы өндірушілерімен өзара тығыз байланыста болуымыздың және олардың қол жетімді бағамен ұсынатын өнімінің арқасында сиыр етіне қойылатын бағалардың төмендегенін атап өтеміз. Біз өнімді тікелей жеткізуге және, өз кезегінде, оларды барынша қолдауға дайынбыз, – дейді Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин.
Қазір бұл өнім қаланың 150 дүкенінде сатылуда. Жылдың соңына дейін дүкендер санын 1000-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

 

Барлық өнім жан-жақты бақылаудан өтеді және "Халал" стандартын қоса алғанда, халықаралық және экологиялық стандарттарға сәйкес келеді.

 

Біз өзіміз фермерміз. Малды өзіміз соямыз, өлшеп-ораймыз және "егіннен сөрелерге дейін" тұжырымдамасын нақты түрде іске асыра отырып, дүкен сөрелеріне дейін жеткіземіз, бұл бізге барлық сатыларда өнімнің сапасын бақылауға және сапалы өнім ұсынуға мүмкіндік береді, – дейді MPS ЖШС сату жөніндегі директоры Виктор Бегун.

 

Етті қайта өңдейтін "Асыл ет" кешені Алматы қаласынан 30 км жердегі Қошмамбет ауылында, Алматы облысының экологиялық таза – Кеген және Қарасай аудандарында орналасқан.

 

Кәсіпорын, оның ішінде, жем беру алаңы халықаралық стандарттарға сәйкес салынды. Малды сою, барлық санитариялық нормаларды сақтай отырып, жоғары технологиялық заманауи, автоматтандырылған зауытта жүзеге асырылады. Бұдан басқа, кәсіпорында тұтынушылардың ауру жұқтыру тәуекелдерін барынша төмендететін малды және етті тексеруге арналған жеке аккредиттелген зертхана бар. 

 

BAQ.KZ




Көрілген: 402    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.05.2020, 15:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30