Нарық

Алматылықтардың коммуналдық қызмет бойынша төлемі кейінге шегерілді

  • https://yk-news.kz/

    https://yk-news.kz/

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев коммуналдық қызметтер үшін ақы төлеу мерзімін кейінге шегерілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Қала әкімі Алматыда коронавирустың таралуын мүмкіндігінше тезірек тоқтату үшін қатаң шектеу шараларының қажеттігі туындағанын айтты.

 

"Сауда орталықтарының, киім-кешек базарлардың, мектептер мен балабақшалардың, кафелердің, түрлі салондардың және басқа да қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындардың жұмысын уақытша тоқтатуға тура келді. Біраз жұрт ақысыз еңбек демалысына кетуге, енді бірі қысқартуға ілікті. Бұл жағдай аз қамтылған және жұмыссыз жүрген жандарға ауыр тиді", - деді Сағынтаев Instagram желісіндегі парақшасына.

 

Сағынтаев алматылықтарды қолдау үшін коммуналдық қызметтер бойынша төлемдер кейінге қалдырылғанын мәлімдеді.

 

"Қиын жағдайға тап болған алматылықтарды қолдау үшін монополистермен лифт пен қоқысты шығаруды қоса алғанда, барлық коммуналдық қызметтер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру туралы келісімге келдік. Наурыз және сәуір айларына келген түбіртектерді жыл соңына дейін төлеуге болады. Бұл ретте кешіктіргені үшін өсімақы мен айыппұл есептелмейді. Сондай-ақ, карантин кезінде қызмет көрсетушілер электр, су, жылу, газ және телефон байланысында қарызы бар тұтынушыларды ажыратпайды", - деді қала басшысы.

 




Көрілген: 280    Пікірлер: 0

жексенбі, 22.03.2020, 10:28

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Наурыз, 11:43
    Доллар 402 теңге болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31