Нарық

Атыраудағы мұнай өңдеу зауытына 60 млн теңге айыппұл салынды

  • Атыраудағы мұнай өңдеу зауытына 60 млн теңге айыппұл салынды

    Атыраудағы мұнай өңдеу зауытына 60 млн теңге айыппұл салынды

Бұдан бұрын Атырау мұнай өңдеу зауытының биологиялық тазарту құрылғысынан ақау шыққан еді.

Атырау мұнай өңдеу зауыты 60 221 655 теңге айыппұл төледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұдан бұрын Атырау мұнай өңдеу зауытының биологиялық тазарту құрылғысынан ақау шыққан еді. Облыстық Экология департаменті жергілікті қоғам белсенділерімен бірге Атырау қаласының экологиялық ахуалына мониторинг жүргізу кезінде «АМӨЗ» ЖШС тарапынан ағызылған су құрамында мұнай өнімдері мен биологиялық шламның болғанын анықтаған.

«Аталған дерекке сәйкес «АМӨЗ» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, алынған сынамадағы су құрамында жобалық құжаттамада белгіленген эмиссияның нормадан асқаны анықталды. Атап айтқанда, жалпы темір және құрғақ қалдықтар 1,5 есе, сульфат 2,5 есе, азот амоний 5 есе, мұнай өнімдері 6 есе және өлшеулі заттар 628 есе көп болған. Осылайша, сарқынды суларды тазартусыз тікелей ағызуға жол беріп, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 328-бабын бұзды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Экологиялық Кодекстің 118-бабын басшылыққа алған департамент мамандары тексеріс материалдарын Полиция департаментіне жолдаған болатын. «Полиция департаментімен «АМӨЗ» ЖШС-не қатысты қозғалған қылмыстық іс қысқартылды. Экология департамент «АМӨЗ» ЖШС-не қатысты әкімшілік іс қозғады. Серіктестік 60 221 655 теңге әкімшілік айыппұл мөлшерінде әкімшілік жазаға тартылды», - деп мәлім етті баспасөз қызметінен.

 




Көрілген: 804    Пікірлер: 0

жұма, 09.07.2021, 14:31

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қыркүйек, 20:36
    TEDxAstana конференциясы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30