Автокөлік нөмірін тегін алу үшін…

Автокөлік нөмірін тегін алу үшін…

Егер сіз ерекше баланың ата-анасы болсаңыз, машина алғанда мемлекеттік нөмірді тегін рәсімдей аласыз ( ҚР Салық Кодексінің 622-бабы).

 

ҚР Салық кодексінің 622-бабына сәйкес, ҰОС ардагерлері, оларға теңестiрiлген адамдар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, Чернобыль апатынан зардап шеккен азаматтар және ерекше баланың ата-анасының бірі автомобильге, автомобиль тіркемесіне, мотокөлікке мемлекеттік тіркеу нөмірі берілген кезде мемлекеттік баждарды төлеуден босатылады.

 

Қазіргі таңда көлік құралдары және жүргізуші куәлігіне қатысты қызметтер «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында көрсетіледі. Бұл ХҚО-ларда жүргізуші куәлігін алу, автокөлікті тіркеу және нөмір белгісін беру қызметтері ұсынылады.

 

 

Мамандандырылған ХҚО-дағы мемлекеттік баж көлемі:

 

Көлік құралын тіркеу туралы құжат: 1,25 АЕК &ndash 3472,5 теңге;

 

Автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі: 2,8 АЕК &ndash 7779 теңге;

 

Мотоцикль немесе тіркеме: 1,4 АЕК &ndash 3890 теңге;

 

Транзит нөмір: 0,35 АЕК &ndash 973 теңге.

 

 

Автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін тегін алу үшін:

 

1. Жеке бас куәлігі;

 

2. Көлік құралын тіркеу құжаты (техпаспорт);

 

3. Меншік құқығын растау құжаты (сатып алу немесе т.б. келісім-шарт);

 

4. Мүмкіндігі шектеулі баланың анықтамасы.

 

 

Ескеретін жайт:

 

Ерекше баланың ата-анасының бірі ҚР Салық кодексінің 622-бабына сййкес тек мемлекеттік тіркеу нөмірін тегін ала алады. Ал техпаспорт пен басқа да тіркеу ақысын төлеуі тиіс.

 

Айта кетейік, Қазақстан Республикасында көлік құралдарын тіркеу, мемлекеттік тіркеу нөмірін және жүргізуші куәлігін қызметтерін egov.kz сайтында онлайн рәсімдеуге болады. Ол үшін қызмет алушының электронды-цифрлы қолтаңбасы болуы керек.

 

 

«Оңтүстік Рабат», №44, 29 қазан 2020 ж

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста