Нарық

"Бағасы 700 теңгеге дейін көтеріледі": Елімізде күзге қарай қарақұмық қымбаттамақ

  • "Бағасы 700 теңгеге дейін көтеріледі": Елімізде күзге қарай қарақұмық қымбаттамақ

Қазақстанда енді қарақұмық қымбаттамақ. Өндірушілердің сөзіне сенсек, күзде дақылдың бағасы 700 теңге дейін көтерілуі мүмкін. Егер алқаптан өнім аз түзсе, баға қымбаттайды, дейді олар. Ал биылғы аптап ыстық пен құрғақшылық диқаншылардың жағдайын одан әрі қиындатып жіберген. Бұған қоса, шикізат, жанармай мен тыңайтқыштардың қымбаттауы тағы бар. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Өндірушілер биыл қордың аздығын алға тартады. 

 
"Қарақұмықтың бағасына соңғы екі-үш жылғы егіннің аз болуы, жыл сайынғы қордың жетіспеушілігі, экспорттау саясатының күшейтілуі әсер етеді. Яғни, өнімнің көп бөлігі сыртқа кетеді. Күзде дақылдың бағасы 270 теңге болған, кейін 425 теңгеге бір-ақ көтерілді. Аз уақыттың ішінде қарақұмық 80%-ға қымбаттап кетті", - дейді қарақұмық өндіруші кәсіпорын директоры Дмитрий Тюменев.

Сонымен қатар, ол ауа райының қолайсыздығы елдегі қарақұмық тапшылығын тудыруы мүмкін дейді. 
"Егін болмаса, дақылдың жетіспеушіліг орын алады. Сәйкесінше, баға да өседі. Қазір қарақұмықтың көтерме саудадағы бағасы 425-430 теңгені құрайды. Ал бөлшек саудадағы баға одан жоғары болады", - деп қосты ол. 

Сарапшылардың өнім қымбаттауының алдын алуға үлгермейміз дейді. Өйткені жыл сайын дақылды өсіруге кететін шығын артып, егін барған сайын азаюда. Сондықтан күзде қарақұмықтың бағасы шарықтап кетпек. 

"Қарақұмық жармасының бағасы 700-800 теңгеге жетуі ғажап емес. Бірақ бұл көптеген факторларға байланысты болады. Биыл өте құрғақ жыл болды. Барлығы егіннің мөлшеріне байланысты болады. Егер көршілес елдерде қарақұмық дақылдарының жетіспеушілігі орын алса, сәйкесінше біздің бағамыз аспандап кетеді. Барлығы біртіндеп өсуде, логистика да өсуде. Мұның бәрі түптеп келгенде бағаға әсер етеді", - дейді "Шаруалар Жоғары Кеңесі" қауымдастығының тәуелсіз директоры Кирилл Павлов.

Шикізатты жеңілдетілген бағамен сату өнімнің қымбаттауына жол бермейді, дейді мамандар. Осыған орай, фермерлер шикізатты көрші Ресейден әкелуді ұсынады. Бірақ оны өз бетінше тасымалдау кәсіпкерлерге қиынға соғатын көрінеді. Елмізде граттар тек шикізат отандық өндірушілерден сатып алынатын болса ғана тағайындалады. Ал бәсекелестіктің болмауынан олар бағаны қолдан өсіреді екен. 




Көрілген: 708    Пікірлер: 0

жұма, 09.07.2021, 12:00

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қыркүйек, 20:36
    TEDxAstana конференциясы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30