Нарық

Барлық қытай жұмысшысы қазақстандықтармен алмастырылады

  • © Есжан Ботақара

    © Есжан Ботақара

Коронавирусқа қарсы құрылған ведомствоаралық комиссия Зайсан халқының талабын орындады деп хабарлайды  inbusiness.kz.

 

Қытаймен іргелес жатқан Зайсан ауданындағы халықтың жанайқайына мемлекет ақыры құлақ асқан сияқты. Коронавирустің бірінші санатындағы Қытай бастаған 8 мемлекеттен Қазақстанға келіп жұмыс істеуге тиіс болған азаматтардың орнына отандық жұмысшылар тартылмақ.

 

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов БАҚ өкілдерімен кездесуінде осындай мәлімет айтты.

 

«Шығыс Қазақстандағы халықтың талабы туралы ақпарат тікелей ведомстваралық комиссияға жеткізілді. Өйткені комиссия жұмысына облыс әкімінің орынбасары күнделікті қатысып отыр. Бүкіл ақпаратты біліп отырмыз. Ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша бірінші санаттағы 8 мемлекеттің Қазақстанға келіп жұмыс істеуді жоспарлаған азаматтары қазақстандық жұмысшылармен алмастырылатын болады. Премьер-министр сондай нақты тапсырма берді. Басқа министрліктерге де тек қана Қытай емес, Корея және басқа да мемлекеттердің азаматтарын мүмкіндік бойынша өзіміздің азаматтармен ауыстыру жүктелді. Әрине, оған мүмкіндік бар. Оның бәрі заңды болуы керек. Өйткені ол компаниялар заң аясында инвестиция салып отыр. Бәріміз түсінеміз, бұл инвестициялық жобалар біріншіден біздің елімізге, біздің еліміздің экономикалық тұрақтылығы үшін маңызды. Қазіргі жарты жылдың ішінде мүмкіндік бойынша шетелдік жұмысшылардың орнына өз азаматтарымызды аламыз», – деген Елжан Біртанов шетелдік жұмысшылардың өздері де Қазақстанға келуден тартынып қалғанын айтты.

 

«Көбі келмей жатыр қазір. Мәселе біздің тоқтатқанымызда емес, өздері келмей жатыр», – деген министр ел аумағындағы карантиндік орталықтар тек облыстық деңгейдегі медициналық мекемелер базасында ғана құрылатынын ескертті.

 

«Қазіргі таңда бірінші санаттағы елдерден келген 180 азамат карантиндік орталықтарға орналасып жатыр. Бұл карантиндік орталықтар олыстық деңгейдегі мекемелерде орналасатын болады. Бүкіл қажетті инструкциялар жеткізілді. Қазір Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында шекара бойынша көшіп жатқан азаматтардың саны тоқтатылды. Тек теміржол арқылы кіреді де, шығады. Транзиттік транспорт болса, бүкіл ақпаратты алып әрі қарай бақылап отырамыз. Шығыс Қазақстан мен Алматы облысындағы шекараны кесіп өткен Қазақстан азаматтарын, Қытай азаматтарын карантинге алу тоқтатылды. Себебі ондай азаматтар жоқ. Бірақ басқа жобаларда істеп жатқан, бұрыннан келген азаматтар бар. Олар карантиннен өтіп жатыр. Ешқандай қауіпті жағдай жоқ. Біз бәрін тексеріп жатырмыз. Себебі біз төлқұжатқа қарамаймыз. Өзіміздің азамат болсын, басқа мемлекеттің азаматы болсын, қауіпті жерден келсе, карантинге орналастыруымыз қажет. Бұл нақты шешім. Оны бәріміз орындауымыз керек», – деді ведомство басшысы.

 




Көрілген: 447    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.03.2020, 10:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қыркүйек, 18:20
    Жалақымен баюға бола ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30