Нарық

"Базарға келгенін көрген емеспіз": Шенеуніктер базарға барып сауда жасай ма?

  • "Базарға келгенін көрген емеспіз": Шенеуніктер базарға барып сауда жасай ма?

Елімізде күнделікті тұтынатын тауарлардың бағасы сағат сайын өсуде. Тіпті соңғы бес айдың ішінде азық-түліктің құны 5,7 пайызға көтеріліпті. Бағаның мұншалықты өсуіне шенеуніктердің өзі де алаңдаулы. Ең қызығы халық қалаулырының бірі базарға жиі барса, өзгесі соңғы рет қашан барғанын ұмытып қалған.

Ал кейбір аитқамінерлер тіпті көлігіне дейін жеткізіп беру қызметін қолданады екен. Жалпы шенді-шекпенділер жиі базараға бара ма? Экономика министрі бағаны қалайша бақылауда ұстайды? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.


Үкімет қанша жерден баға бақылуда дегенімен, жаз басталысым базардағы азық-түліктің құны мың құбылуда. Әсіресе, халық көп тұтынатын сүт пен ет өнімдері 5-10 пайызға көтерілген. Жеміс-жидектердің бағасы тіпті аспандап тұр. Оны күн құрғатпай сауда жасайтын тұрғындар да растап отыр.


"Бір килограмм ет алу үшін кәдімгідей қалтаңның ақшасынан қағыласың. Айына 50-60 мың кетеді, үнемдегеннің өзінде".


"Бұрындары 1500 болатын. Қазір2000 болып жатыр ғой. Шие 1200-ден болған.


"Біз әр кіргенде 25-30 мың теңгеге бітедтін шаруамыз. Қазір 40 мың теңге кетеді".


Осылайша халықтың баға тұрақсыздығына еттері үйреніп, көндігіп кеткен. Ал, жұрттың жағдайына үнемі алаңдаушылық білдіреміз дейтін залық қалаулылары пен шенеуніктер нарықтағы бағадан хабардар ма? Қара базарға барып сауда-аттық жасай ма? Оны өздерінен сұрап көрдік.


Бірі ат тонын алып қашса, басқасы тіпті соңғы рет қашан сауда жасағанын ұмытып қалыпты. Десе де араларындағы бірен-сараны қымбатшылықтан хабардар екен.


"Оған әйелім барады, мен да барам қасында болсам. Баға тұрақты деп айта аласыз ба? Жоқ, тұрақты емес. Баға расымен де қымбаттады. Ол жағдайды білеміз, ашық айтамыз", - деді депутат Дулат Құсдәулетов.


"Бұл инфляцияның күннен-күнге көтеріліп бара жатқанын көрсетеді. Баға тұрақсыз. Мысалы, міне қараңыз, еттің бағасы қазір осыдан 5-6 ай бұрын 1500 теңге болған. Қазір 2000 теңгеге өсе шықты. Ал көптеген халықтың негізгі тұтынатын тамақтарының бағасы 10-15 пайызға жоғарылап барады", - деді депутат Мұрат Бақтиярұлы.


"Базарға барамыз, бәрінен хабардармыз" деген шенді-шекпенділердің айтқандарын көзбен укөру үшін елордадағы ірі сауда орталықтарының біріне бас сұқтық. Мұнда талай жылдан бері нәпақасын саудадай айырып жүрген саудагерлерді әңгімеге тартып көрдік. Олардың айтуынша, шенділер азық-түлік сатып аулаға келмейді екен. Жүргізушілерін жіберетін көрінеді немесе тауарларды жеткізіп беруге тапсырыс береді екен.


"Ол кісілер келмейді ғой. Шопырлары бар ғой келіп кететін. Өздері келмейді. Машиналарына дейін жеткізіп береміз".


"Танымаймыз ғой көбісін, танитындардан былай келген жоқ".


"Кім екені есімде жоқ, бірақ келген. Ырза болып кетеді әйтеуір, бағаларын күшті деп".


Әрине, кемі 500-600 мың жалақы алатын шенеуніктер мен депутаттардың қалтасын қара базардаға баға қаға қоймайтыны анық. Алайда айлықтан айлыққа дейін күнелтіп жүрген қарапайым халықтың қалтасына ауыр тиетіні сөзсіз. Ал бәрін білемін, хабардармын, өз бақылауымда ұстаймын деп уәде еткен еліміздің бас экономисі мәселе жақын уақытта реттеледі деп тағы да сендірді.


"Мен азық-түлік бағаларын бақылауда ұстаймын. Тіпті, сауда орындарына арнайы барып тексеріп отырамын. Бірақ бағаларды бекітетін әкімдік, қазір солармен бірлесе жұмыс атқарып жатырмыз. Бізге халықтан да көп шағым түсетінін жасырмаймыз. Әсіресе, еттің бағасы қымбаттады деп. Соны жақын уақытта шешеміз", - экономика министрі Руслан Дәленов.


Маусым сайын көтеріліп жататын азық-түлік пен түрлі тауарлардың бағасы оқтын-оқтын үкімет отырысында да талқыланап жатады. Нақты тапсырмалар беріліп, бақылау күшейеді делінгенмен, ырыққа көніп жатқан баға жоқ. Ал айлығы шайлығынан артылмайтын жұрт шенділердің сөзі мен ісі қашан қабысар екен деп күтіп жүр.  




Көрілген: 561    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.07.2019, 22:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31