Нарық

Бензині ең арзан елдер рейтингінде Қазақстан 8-орында тұр

  • Бензині ең арзан елдер рейтингінде Қазақстан 8-орында тұр

    Бензині ең арзан елдер рейтингінде Қазақстан 8-орында тұр

Қазақстандық бензиннің бағасы бір литрі үшін 170 теңгені құрайды. Бұл, көршілес Түрікменстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстанға қарағанда арзан, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еnergyprom.kz-қа сілтеме жасап.

Бензин бағасы ең арзан елдер рейтингінде Қазақстан 167 елдің арасында 8-ші орынды иеленді. Қазақстандық бензиннің құны литріне 170,2 тг құрады. Тізімде ең арзан бензині бар елдер қатарында Венесуэла, Иран және Ангола бар.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2020 жылғы желтоқсанда Қазақстанда бензин бір жыл бұрынғыға қарағанда сәл қымбаттады. Осылайша, АИ-95/АИ-96 бағасы 0,8% көтеріліп, литріне 171,3 теңгені құрады; АИ-98-1,4% қымбаттап, литрі 190,2 теңгеге дейін; АИ-92 бағасы 2,7% өсіп, литрі 150,6 теңгеге дейін жоғарылады.

2020 жылдың қаңтар-желтоқсанында Қазақстанда 4,5 млн тонна отын өндірілді. Бұл, оның алдыңғы жылдағы көлеммен пара-пар.




Көрілген: 3206    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.02.2021, 12:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30