Нарық

Бір үйде 65 пәтері бар – салықшылар елорда тұрғынын тексеріп жатыр

  • © Sputnik / Антон Денисов

    © Sputnik / Антон Денисов

Нұр-Сұлтан қаласы тұрғынының меншігінде 65 пәтер бар. Бұл туралы Қаржы министрлігіне қарасты мемлекеттік кірістер комитеті бақылау департаменті директорының міндетін атқарушы Әнуар Сүлейменов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Мемлекеттік кірістер комитеті көлеңкелі экономикаға қарсы күрес шеңберінде пәтерді заңсыз жалға берушілерді анықтау жұмысын жүргізуде. Алдын ала жасалған қорытынды бойынша, қазіргі уақытта 3 және одан да көп пәтерге меншік құқығы бар, алайда жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей, салықты төлемей жүрген 20 мыңнан астам қазақстандық бар екен.


"Олардың арасында оннан астам пәтерге меншік құқығы бар 150 тұлға және Нұр-Сұлтан қаласындағы бір тұрғын үй кешенінде 65 пәтері бар адам анықталды. Пәтердің барлығы бір адамға тиесілі. Олардың жалға берілуін егжей-тегжейлі талдап, қашықтықтан мониторинг жасау арқылы осындай деректерді анықтадық", - дейді Әнуар Сүлейменов.


Мемлекеттік кірістер комитеті баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 2019 жылдың 5 айында жәке кәсіпкер ретінде 7 403 жеке тұлға тіркеліпті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 22%-ке немесе 1320 адамға көп. Ал салықтық түсім 37 %-ке өсіп, 7 миллиард 252 миллион теңгеге жетіпті.


Сондай-ақ, Әнуар Сүлейменов жеке тұлғалармен қатар заңды тұлғалар да жылжымайтын мүлікті жалға бере алатынын атап өтті. Оның айтуынша, жеке кәсіпкерлікті ашу үшін салық органына баруға болады. Сондай-ақ, e-license сайты арқылы қызметті бастау туралы хабарламаны электронды түрде алу қарастырылған. Жеке кәсіпкер 10 күн ішінде салықты қалай төлейтінін анықтауы қажет.


 




Көрілген: 1417    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 26.06.2019, 17:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30