Нарық

Дариға Назарбаева «Қамқорлық» әлеуметтік коворкинг орталығының ашылуына қатысты

  • http://astana.gov.kz/kz/news/news/23513

    http://astana.gov.kz/kz/news/news/23513

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының директоры Дариға Назарбаева «Қамқорлық» коворкинг орталығының ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Нұрсұлтан Назарбаев қорының баспасөз қызметі.

 

Орталық қызметі Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен Нұрсұлтан Назарбаев қорының бірлесуімен іске қосылған. Мұнда көпбалалы аналар, жалғыз басты аналар, ерекше күтімді қажет ететін балаларды тәрбиелейтін әйелдер, аз қамтылған азаматтар және ауыр тұрмыстық жағдайда өмір сүретін балалар, мүгедектер оқытылады.

 

Орталық қабырғасында жүзеге асырылатын жобалардың бірі - «Кәсіпкер ана», авторы - Жастар Конгресінің өкілі Айнұр Жүнербаева.

 

Орталықты құру идеясы Жастар Конгресінің өкілі Айнұр Жүнербаеваға тиесілі. Бірде ол жеке кәсібін бастап, оны кеңейтті. Енді, орталық жұмысы арқылы Айнұр өз тәжірибесімен бөліскісі келеді.

 

Дариға Назарбаева орталықтың материалдық-техникалық базасымен танысып, кабинеттерді қарап шықты. Орталық басшылығымен әңгімелесу барысында Дариға Назарбаева инфекциялардан қорғау, жұмыс гигиенасы және білім алушылар үшін әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету тұрғысынан жұмыс орындарының қауіпсіздігіне ерекше назар аударды.

 

Орталық 7 бағыт бойынша тренинг өткізеді: тамақ өнеркәсібі, IT-индустрия, сұлулық индустриясы, тігін ісі, киіз басу өнері, медиа. Бұған қоса, әйелдер үшін әлеуметтік және психологиялық сауаттылықты арттыру бойынша тренингтер өткізіледі.

 

Орталық аумағында балаларға арналған бөлме де бар. Жылына 1800 әйелді оқыту жоспарлануда. Курс мерзімі 1 айдан 3 айға дейін созылады. Курстың соңында сертификаттар беріледі.

 

Оқу нәтижесі бойынша қатысушылар «Еңбек» бағдарламасы бойынша өз ісін ашуға және 505 мың теңге көлемінде грант алуға мүмкіндік алады.

 

astana.gov.kz

 




Көрілген: 536    Пікірлер: 0

сенбі, 04.07.2020, 23:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31