Доллар бағамы төмендеді

30 желтоқсан 2021, 12:34

Доллар бағамы тағы да төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі KASE Қазақстан қор биржасы мәліметіне сілтеме жасап.

Таңғы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,31 теңгеге төмендеп, 431,53 теңге болды.

 
Kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатудың орташа бағамы - 435,43 теңге, сатылым - 437,34 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 435,98 теңгеден сатып алады, 437,52 теңгеден сатады.

Ұлттық банкте долларының ресми бағамы 30 желтоқсанда 431,84 теңге болып тұр.