Доллар қымбаттады

28 қыркүйек 2022, 16:52

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Alashainasy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

 

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар 0,48 теңгеге қымбаттап, теңгеге шаққандағы құны 479, 39 теңге болды.Ұлттық банктің 28 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 478, 90 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллар бағасы – 478 теңге, сатып алу – 482 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату құны – 476 теңге, сатып алу – 480 теңге.

Ресей рублі 7,35 - 7,55 теңге аралығында саудаланып жатыр.

ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 28 қыркүйек күні ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 8,24 теңге.