Нарық

Досаев несиені кешуге байланысты пікір білдірді

  • https://forbes.kz/

    https://forbes.kz/

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев банк алдында бір аптадан бері несие амнистиясын талап етіп жүрген белсенділердің наразылық акциясы туралы сауалға жауап берді, деп мәлімдеді kznews.kz сайты.

 

Оның сөзінше, белсенділер көтерген мәселемен «Ұлттық банк айналыспайтын» көрінеді.

 

Ал «Олармен кездеспейсіз бе?» деген сұраққа Досаев «жоқ, кездеспеймін, рахмет!» деп қысқа жауап қайырды.

 

Тіркелмеген «Демпартия» белсенділері 12 қазаннан бері наразылық акциясын ұйымдастырып келеді. Олардың билікке айтар өз уәждері бар. Айталық, коллекторлық компанияларда тіркелген проблемалық несиелерді кешіру, жеке тұлғалардың банкротқа ұшырауы жөнінде заң қабылдау, шағын несиелік компаниялардың пайыз санауы, өсімпұл қосуын мемлекеттің реттеп, қадағалауы сынды күрмеуі қиын мәселелер.

 

Мақсат Сералы, «Атамекен» ҰКП-ның Наурызбай ауданының басшысы, экономист:

 

"Жеке тұлғалардың банкротка ұшырауы туралы заң қабылдау қажет деп ойлаймын. Өйткені кез келген адам тығырыққа тірелген кезде, өзін банкрот деп жариялауы керек. Бізде осы заңның жоқтығынан көптеген келеңсіз жайттар орын алуда. Үкімет алдағы уақытта аталған заң жобасын пысықтап, толықтырып, шетелдік тәжірибеге сүйене отырып қабылдауы қажет. Бұл заң банкротқа ұшыраған жеке тұлғалардың экономикалық жағдайын түзеп, қайта оңалуына оң ықпалын тигізеді".

 

Еске сала кетейік, белсенділер бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мадина Әбілқасымованың шығуын талап еткен болатын.

 




Көрілген: 1860    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.10.2021, 19:18

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қараша, 14:31
    Мұнай күрт қымбаттады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31