Нарық

Досаев төтенше жағдай кезінде ұлттық қордағы ақша көбейгенін мәлімдеді

  • Досаев төтенше жағдай кезінде ұлттық қордағы ақша көбейгенін мәлімдеді

    Досаев төтенше жағдай кезінде ұлттық қордағы ақша көбейгенін мәлімдеді

Сәуір айында Ұлттық қордың активтері 1,1 миллиард долларға ұлғайып, 58,5 миллиард АҚШ долларына жеткен. Бас банкир Ерболат Досаев ұлттық қордағы ақшаның қалай өскенін айтып берді, деп хабарлайды  Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Сәуір айында Ұлттық қордың активтері 1,1 миллиард долларға ұлғайып, 58,5 миллиард АҚШ долларына жетті. Активтер негізінен акциялар нарығы наурызда төмендегеннен кейін инвестициялық кіріс есебінен ішінара қалпына келуі нәтижесінде өсті", - деді Досаев үкімет отырысында.

Оқи отырыңыз: Дәленов карантиннің ел экономикасына қалай әсер еткенін айтып берді

Оның айтуынша, Қазақстанның халықаралық активтері бір айда 2,1 процентке өсіп, 89 миллиард АҚШ долларына жетті.

"Алдын ала деректер бойынша сәуір айында ұлттық банктің алтын-валюта резервтері, негізінен, алтын портфелінің өсуі есебінен 30,5 миллиард АҚШ долларына дейін, 2,4 процентке немесе 700 миллион АҚШ долларына ұлғайды. Бағалы металл бағасы 7 процентке өсті", - деп түсіндірді Досаев




Көрілген: 475    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.05.2020, 11:41

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31