Нарық

ЕАЭО елдерінен келген көліктер арнайы сары мемнөмір алады

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Қазақстанда уақытша тіркелген, ЕАЭО елдерінен әкелінген автомобильдер 18 саны бар арнайы сары мемлекеттік нөмір алады. Бұл туралы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

"Уақытша тіркеу үшін мына құжаттарды ұсыну қажет: жеке куәлік, бұрынғы мемлекеттік немесе транзиттік нөмір белгілері, тіркеу туралы куәлік, меншік құқығын растайтын құжаттар, сондай-ақ бастапқы тіркеу үшін төлем туралы түбіртек, мемлекеттік нөмір дайындағаны үшін баж және техпаспортты дайындағаны үшін баж. Сондай-ақ, жыл бойы кейінге қалдыра отырып, кәдеге жарату алымы мен кедендік баж салығын төлеу мүмкіндігі пайда болды", - деп хабарлады Қожаев ОКҚ брифингінде.

 

 

"Бұл автомобильдерге арнайы серия мен түрдің мемлекеттік нөмірі беріледі, ал техпаспортқа аталған көлікті тіркеу шарттары туралы тиісті белгі енгізіледі. ІІМ сары фонда нөмір үлгісін шығарды. 18 цифры. Сонымен қатар, техпаспортта 2021 жылдың 1 наурызына дейін әрекет ету күні көрсетіледі", - деді ол.

 

 

"Егер азаматқа мұндай мүмкіндік берілсе және ол 2021 жылдың 1 наурызына дейін төлемесе, кешіріңіз, оның құжаттары 1 наурызда аяқталады. Оның мемлекеттік нөмірі заңсыз болады. Әрине, полиция шектеу шараларын қабылдайды", - деді ол.

 

Еске салайық, 24 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 1 ақпанына дейін қазақстандықтар ЕАЭО-дан елге жеткізген көліктерін бір айдың ішінде бір реттік тәртіппен жеке қолдануына уақытша тіркеуге қою мүмкіндігін беруді тапсырған болатын. Тіркеу 2021 жылдың 1 наурызына дейін жарамды.

 




Көрілген: 314    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.01.2020, 17:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Наурыз, 11:43
    Доллар 402 теңге болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30