Нарық

Ел азаматтарының жалақысын өзге елдермен салыстырған депутат ашынып кетті

  • Ел азаматтарының жалақысын өзге елдермен салыстырған депутат ашынып кетті

    Ел азаматтарының жалақысын өзге елдермен салыстырған депутат ашынып кетті

Қазіргі кезде халық табысының тең жартысын тамаққа жұмсайды. Ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 10 проценттен аспайды

Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы Қазақстандағы ең төменгі жалақыны қазіргі өмір сүру талаптарына сәйкестендіру қажет деп санайды. Айтуынша, оның мөлшері ЕАЭО және ТМД елдерімен салыстырғанда әлдеқайда төмен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, Қазақстанда ең төменгі жалақыны миллиондаған азамат алады. Оның мөлшері елдегі орташа жалақының 19 процентін ғана құраса, дамыған елдерде бұл 50%-ке тең.

"Алысқа бармай-ақ, мынадай ресми мәліметке назар аударайық. Қазақстандағы ең төмен жалақы ЕАЭО-ға мүше Ресейден 34 мың, Беларусьтен 22 мың, Армениядан 13 мың, ал ТМД елдеріндегі Украинадан 35 мың, Молдовадан 25 мың, Әзербайжаннан 16 мың теңгеге төмен. Сондықтан, құрметті үкімет, біз барлығын түсінеміз. Бірақ азаматтарымыздың өмір сүру деңгейі мен ең төменгі жалақыны қазіргі өмір сүру талаптарына сәйкестендіруді тез арада қолға алу керек деп есептейміз", - деді депутат сенаттың жалпы отырысында.


Мұрат Бақтиярұлы былтыр азық-түліктің қымбаттауына байланысты халық тапқан табысының тең жартысын тамаққа жұмсағанын атап өтті. Дамыған елдерде азаматтар азық-түлікке кірісінің тек 10 процентін жұмсайды.

"Тіпті Ресей мен Беларусьте бұл көрсеткіш азаматтар табысының үштен бірінен аспайды. Халқымыздың тапқан табысы азық-түлік сатып алуға кетіп жатыр. Олардың өз жинағын арттыруға мүмкіндігі аз. Тұрмыс деңгейін жақсарту, негізінен, кредит алу есебінен қамтамасыз етіліп жатыр деген сөз. Халықтың қарызға кіруі әлеуметтік проблемаларға әкеп соғуы мүмкін", - деп алаңдады сенатор.

Ол елдегі ең төменгі күнкөріс деңгейі мен ең төменгі жалақы қазіргі жағдайға сәйкес келмейтінін айтты.




Көрілген: 831    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.06.2020, 15:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31