Нарық

Елімізде астық жинау науқаны аяқталды

  • Елімізде астық жинау науқаны аяқталды

    Елімізде астық жинау науқаны аяқталды

 Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, елімізде астық жинау науқаны аяқталды. Биыл 16,4 млн тонна астық бастырылып, орташа өнімділігі 10,3 ц/га құрады, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Бастапқы салмақта 80,8 мың тонна қарақұмық жиналды, бұл 2020 жылғы деңгейден 76%-ға артық. Сондай-ақ қара бидай жинау қорытындысы бойынша өткен жылмен салыстырғанда 43%-ға артық, дәндік жүгері 22,6%-ға, бұршақ дақылдары 1,3%-ға артық жиналды. Бастапқы салмақтағы тары өнімділігі өткен жылмен салыстырғанда 15%-ға, жүгері - 5%-ға артты.

Жаңа егіннің астығы жоғары сапалы көрсеткіштерге ие. Мәселен, лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына тапсырылған жұмсақ бидайдың жалпы көлемінің 90,5%-ы 1-3 сыныптарға жатқызылған, 2020 жылы бұл көрсеткіш 81,2%-ды құраған болатын.

Құрамында дәнмаңызы жоғары бидай үлесінің айтарлықтай өсуі байқалады. 3-сыныпты жұмсақ бидай көлемінде әлемдік нарықта жоғары сұранысқа ие жоғары сапалы HI-Pro бидайының үлесі шамамен 60%-ды құрайды.

Жалпы, өсірілген астық ішкі нарықты толық қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ экспортқа белгілі бір көлемді жөнелту үшін де жеткілікті. Сонымен қатар, 3,9 млн тонна картоп, 4,9 млн тонна көкөніс дақылдары, 2,8 млн тонна бақша дақылдары жиналды. Майлы дақылдарды жинау жалғасуда, олардың жалпы жинау алаңынан 3,0 млн га (96,6%) жиналды, 2,3 млн тонна бастырылды.

BAQ.KZ.




Көрілген: 556    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.11.2021, 23:16

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Желтоқсан 2021
    Доллар бағамы төмендеді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31