Нарық

Елімізде ет бағасы тағы да қымбаттады

  • Елімізде ет бағасы тағы да қымбаттады

    Елімізде ет бағасы тағы да қымбаттады

Қазақстанда соңғы сегіз айда ет бағасы 7,4 пайызға өсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі energyprom.kz басылымына сілтеме беріп.

Қой етінің бағасы 14,6 пайызға өсті. Сондай-ақ жылқы еті бағасының айтарлықтай өсуі 9,4 пайызға байқалды. Сиыр еті 7,8 пайызға, құс еті 3,2 пайызға қымбаттады.

Тамыз айында дүкендерде және базарларда сүйектері бар сиыр етінің бағасы бір килограмм үшін орташа есеппен 2,2 мың теңгеге жеткен. Жылқы етінің құны бір килограмм үшін – 2,5 мың, қой етінің құны — 2,4 мың теңге.

Статистикаға сүйенсек, қаңтар-тамыз айларында ет өндірісі 43 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың 8 айымен салыстырғанда 4,6 пайызға аз. Салқындатылған құс етін өндіру, керісінше, 4,3 пайызға артып 71,6 мың тоннаға жетті.

Бағаның өсуінен кейін елде ет тұтыну мөлшері азайды. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша қой етін тұтыну 10,6 пайызға, жан басына шаққанда 2,5 килограмға дейін, тауық етін тұтыну 4,4 пайызға, 2,2 килограмға дейін қысқарды. Сонымен бірге сиыр етін тұтыну жан басына шаққанда орташа есеппен 0,9 пайызға 11,8 килограмға дейін өсті.
Stan.kz




Көрілген: 393    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.09.2021, 11:22

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қараша, 14:31
    Мұнай күрт қымбаттады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31