Нарық

Елімізде көкөніс бағасы тағы да қымбаттамақ

  • Елімізде көкөніс бағасы тағы да қымбаттамақ

    Елімізде көкөніс бағасы тағы да қымбаттамақ

Ауыл шаруашылығы министрлігі 2022 жылы көкөністің қай түрлері қымбаттауы мүмкін екенін жәнен оның себебін мәлім етті, деп хабарлайды LS.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Азат Сұлтановтың айтуынша, 2022 жылдың көктемінде жаңа піскен көкөніс бағасы қымбаттауы мүмкін.

Бұл ретте биыл картоп қолжетімді бағада қалады, деп есептейді ол.

«Биыл картоп килограмы 200 теңгеден сатылды. Қазіргі шығындарды және бағаның аздап өсуін ескерсек көктемде құны 200-250 теңге шегінде болады деп күтеміз. Сәбіз 30-40 теңгеге қымбаттауы мүмкін», - деді ол.

Азат Сұлтанов Үкімет маусымаралық кезеңде көкөніс бағасының күрт өсуіне жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылдай бастағанын атап өтті. Сонымен, қазақстандық картоп өсірушілерге мамыр айына дейін келісімшарт жасау, яғни бағаны белгілеу ұсынылады.

«Ол үшін әкімдіктер бұл өнімдерді тұрақтандыру қорына арнап сатып алуы қажет. Оларда тауар өндірушілердің тізімі бар. Жалпылай алғанда министрлік қажет жағдайдың бәрін жасап отыр», - деді А.Сұлтанов.

Қазақстанда картоптың негізгі өнімі Павлодар, Қарағанды, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында жиналады.

Айта кетейік, биыл жазда сәбіз бен картоп бағасы 50 пайызға күрт қымбаттаған болатын.

sn.kz




Көрілген: 429    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.09.2021, 11:37

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қараша, 14:31
    Мұнай күрт қымбаттады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31