Нарық

Елімізде тұрғын үй бағасы төмендей ме? Министр болжам жасады

  • Елімізде тұрғын үй бағасы төмендей ме? Министр болжам жасады

    Елімізде тұрғын үй бағасы төмендей ме? Министр болжам жасады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов пәтерлер мен көліктер бағасының тұрақталатынына болжам жасады. Айтуынша осыған орай қазақстандық ведомство құрылыс материалдарының өндірісін ашумен айналысуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айтуынша қазір Индустрия министрлігі жылжымайтын мүлік бағаларының күрт көтерілуіне жол бермес үшін құрылыс материалдарының жаңа өндірісін ашу жұмыстарын қолға алған.

 
“Біз бірқатар материалдарды өндіруді жоспарлап отырмыз. Алда іске асырылуы тиіс 35 жоба бар.”-деді министр.

Сонымен қатар Қазақстанда санфаяр мен керамика шығаратын зауыт саны Республика бойынша үшеу-ақ. Ал бұл аз көрсеткіш. Сондықтан алдағы уақытта өндіріске жаңа зауыттар қосылатынын айтты.

“ Біз тағы үш кәсіпорынды іске қосуды және керамикалық плиткаларға деген қажеттілігімізді 100% жабуды жоспарлап отырмыз"-деді Бейбіт Атамқұлов.

Өндірісті іске қосу тұрғын үй бағасының төмендеуіне септігін тигізе ме деген сауал бойынша:

“ Болжамым бойынша бағалар тұрақталады. Себебі құрылыс компаниялары өзімізден шығатын өнімдерге сұранысты арттырса, инфляция импорты алынып тасталады”- деп жауап берді министр.




Көрілген: 613    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.11.2021, 12:27

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Желтоқсан 2021
    Доллар бағамы төмендеді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31