Нарық

Енді мемлекеттік қызметті алу тіпті оңай және ыңғайлы бола түсті

  • Енді мемлекеттік қызметті алу тіпті оңай және ыңғайлы бола түсті

    Енді мемлекеттік қызметті алу тіпті оңай және ыңғайлы бола түсті

Қазан айының басынан электрондық үкіметтің жаңартылған eGovmobile мобильдік қосымшасы іске қосылды. Қосымша мемлекеттік қызметтерді алу процесін айтарлықтай жеңілдетті, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет».


Жетілдірілген eGovmobile қолданыстағы электронды-цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) 4- таңбалы PIN-кодқа немесе биометрия құрылғыларына (Face ID, Touch ID) тіркеп қоюға мүмкіндік береді.


Бір рет электронды-цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ)- PIN-кодқа немесе биометрия құрылғыларына тіркеп алған қолданушы, жүйеге кіру және мемлекеттік қызмет алу кезінде ЭЦҚ таңдап немесе пароль енгізіп әуре болмайды.


Енді азаматтарға ЭЦҚ-ның қажеттілігі жоқ. Біз ұялы телефонымыздың бұғатын саусақ ізімен немесе Face ID-мен шешуді үйреніп алдық. Дәл осылай бұл қосымшада да ЭЦҚ-ңызды өзіңіздің биометрияңызға тіркеп алып, мемлекеттік қызмет алу барысында сұрауды өзіңіздің Touch ID немесе Face ID-іңізбен растауға болады.


Оның үстіне, ЭЦҚ-ны мобильді құрылғыларда пайдалану үдерісі жеңілдетілді. Бұған дейін ЭЦҚ смартфонға компьютер арқылы жүктелетін болса, қазір сертификатты қолданушының электронды поштасындағы хаттан бірден ұялы телефонға жүктеп алуға болады.


Сондай-ақ қосымшаның өзінде ЭЦҚ-ны қалай жүктеуге болатыны туралы, авторизациядан өту және т.б. кеңестер бар, әр жаңа қызметке қадамдық нұсқаулық берілген. Осылайша әзірлеушілер – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қосымшаны қолданыста барынша қолайлы етуге тырысты.


Айта кету керек, қазіргі уақытта қосымшада 28 қызметтер қолжетімді. Олар: базалық зейнетақы төлемін есептеу мөлшері туралы анықтама, бала тууына байланысты төлемдер және бір жасқа толғанға дейін төленетін жәрдемақы, соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама, жылжымайтын мүліктің жоғы (бары) туралы анықтама және т.б.


Қосымшаны AppStore және PlayMarket-тен жүктеп алуға болады.


«Азаматтарға арналған үкімет»


мемлекеттік корпорациясы» Түркістан


облысы филиалының баспасөз қызметі 




Көрілген: 331    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.12.2019, 15:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31