Нарық

Ескі ақшамен байып кетуге болатынын білесіз бе?

  • Ескі ақшамен байып кетуге болатынын білесіз бе?

    Ескі ақшамен байып кетуге болатынын білесіз бе?

Қолыңызға алған банкноталарды қаншалықты мұқият қарайсыз? Сирек жағдайларда ғана шығар. Ол қағаз жай ғана купюра емес, нумизматтар (ескі ақшаларды жинаушы) бүкіл байлығын беруге дайын құнды әрі сирек купюра болуы да мүмкін.


Сергей Перхальский - қарағандылық коллекция жинаушы. Ол нумизматиканың бір бағыты эррористикамен айналысады. Эррористика "қате кеткен" банкноталар мен тиындарды зерттейді. Осы ретте коллекция жинаушы бізге өз коллекциясын көрсетуге келісті. "Бірден айтайын, мұнда бірде-бір жалған ақша жоқ. Мұндағы барлық купюра - нағыз ақша", - деп ескертті нумизмат. Теңгенің тарихына тоқталатын болсақ, қазақстандық алғашқы банкноталар Англияда басып шығарылған. Сосын ғана Қазақстанға жеткізіліп отырған екен. "Міне, Англиядағы банкнота басып шығаратын Harrison & Sons жасаған "жоғары сапалы" банкнота. Өздеріңіз көріп отырғандай, олар тапсырысты өткізуге асыққан көрінеді", - дейді коллекция жинаушы банкнотаның жоғарғы жағы қиылып қалғанын көрсете отырып.

Ал мынау өте сирек кездестін банкнота парақшасының үлгісі.

"Банкнотаны қию алдында оралып кеткен шығар. Біреу бұл қиықты тауып, алып қойыпты. Сосын мен оны одан сатып алдым", - дейді Перхальский.

Тағы бір қызық банкнота. Жыртылып қалғаны болмаса, ештеңесі де жоқ сияқты көрінеді. Бірақ мұқият қарасақ, мұнда банкнотаның фабрикада қиылып қалғаны көрінеді. Оған дәлел - қағаздың үстіндегі бояу

Сондай-ақ, банкноталарда қос әріптер жиі кездеседі


 "Студент кезімде қолыма осындай купюра түсті. Ол кезде оған ешқандай назар аудармадым да. Кейін сол ақша айналымға шыққанда маған сол банкнотаны алып келді, мен оны сатып алдым", - дейді Перхальский.




Көрілген: 1115    Пікірлер: 0

жұма, 16.11.2018, 09:52

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Наурыз, 11:43
    Доллар 402 теңге болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31