Нарық

Жәрдемақы мен зейнетақы туралы таралған хабарламалар өтірік болып шықты

  • Жәрдемақы мен зейнетақы туралы таралған хабарламалар өтірік болып шықты

    Жәрдемақы мен зейнетақы туралы таралған хабарламалар өтірік болып шықты

ҚР-ның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мессенджерлерде тараған зейнет жасының төмендеуі мен әрбір балаға төленетін әлеуметтік көмек жайлы ақпараттың өтірік екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік қызметкерлерінің хабарлауынша, 2020 жылдың қаңтарынан бастап әйелдер мен ерлердің зейнет жасының төмендеуі мен отбасыдағы әрбір бала үшін төленетін жәрдемақы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.


Қазіргі таңда Парламентте 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап үйінде жасы 23-ке толмаған төрт баладан көп отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету туралы заң талқылануда екен. Бұл көмек отбасының кіріс мөлшеріне қарай төленеді. Яғни, төрт баласы барларға 42 496 теңге, 5 балалыларға 53 127 теңге, 6 балалыларға 63 757 теңге, жеті не одан да көп баласы бар отбасыларға 74 388 теңге көлемінде жәрдемақы тағайындалады.


Аталған жәрдемақыны қажетті құжаттар жинастырып, өткізілген күннен бастап төлеу қарастырылған. Құжаттың қаралауына ұзақ уақыт кетпейді екен, отбасыларға тек төртен көп баласы бар екендігін дәлелдейтін қағазды тіркесе болғаны.


2018 жылға дейін көпбалалы отбасы ретінде тіркелген ата-аналарға әлеуметтік көмекті алу үшін қайта құжат жинастырудың қажеті жоқ көрінеді. Десек те егер ол уақыттан кейін олардың отбасындағы бала саны өссе, олар келесі санаттағы жәрдемақыға рұқсат ала алады екен.




Көрілген: 1821    Пікірлер: 0

сенбі, 30.11.2019, 23:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 20:02
    Қарыз қажытты ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31