Нарық

Жастарға жалға берілетін пәтер құны айына шамамен 10-12 мың теңге болады, - Ж. Омарбекова

  • © 7kun.kz

    © 7kun.kz

Жастарға жалға берілетін пәтер құны айына шамамен 10-12 мың теңге болады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбекова Үкіметтегі брифингте айтты.


Өтініш қыркүйек айынан бастап қабылданады.


29 жасқа дейінгі азаматтарға пәтерді 3-тен 5 жылға дейін жалдауға болады. Сатып алу құқығы берілмейді. Үйленген жастарда басымдық бар. Ең бастысы - "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде" есепшот болу керек немесе үй алатын қандай да бір мемлекеттік бағдарламаның қатысушысы болу қажет. Ал қазір 29 жасқа дейінгі азаматтардың "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі" есепшоты 515 мыңнан асады. Салымшылардың жиған қаражаты 163,6 млрд теңге. Осылайша банк депозиттіндегі қаражаттың 37 пайызын жастар салымы құрап отыр.


Жұлдыз ОМАРБЕКОВА, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


- Біз пәтер беретін кезде сіздің жеке үйге ақша жинап жатқаныңызға көз жеткізуіміз керек. Себебі бағдарлама ең алдымен алғашқы жас отбасылар мен жұмыс істейтін жастарды алғашқы қиын кезеңдерде қолдауға бағытталған. Аяққа тұрып, үйге ақша жинап алғаннан кейін ол орынды басқа жастарға босатуы керек.


Құжаттар қыркүйек айынан қабылдана бастайды.


Еске салсақ, жастар жылының ашылуында Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайын Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында жастар үшін 1000 жалдамалы пәтер салынсын деген болатын. Кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев олардың санын 3 мыңға көбейтуді тапсырды. Яғни әр қалада мың баспана болады.


Мәжілісте бүгін депутаттар жауапты министрге жыл бітуіне алты-ақ ай қалды, пәтерді сонда қашан салып бітпексіңдер деп сауал тастады.


Роман СКЛЯР, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:


- Пәтерлер санының үш есе өсуіне және уақыттың аз қалуына байланысты біз өзгеріс енгіздік. Жергілікті атқарушы органдарға «Нұрлы жер» бағдарламасына салынған үйлерді нарықта сатып алуға рұқсат беретін болдық. Осылайша жұмыс істейтін жастарды үш қалада да пәтермен қамтамасыз етеміз. Ал келер жылдан бастап, жалға берілетін пәтерлер тек жаңадан салынады.


Басында жалдамалы үйлер үшін 65 млрд теңге бөлінген. Үкімет үйінде Қаржы министрі пәтер саны көбейгендіктен қосымша 14,4 млрд-ты нақтылап алды. Ал жастардың көбі бұл бағдарлама туралы білмейді, біразының есепшот ашайын десе ақшасы айлығынан артылмайды.


- Если даже арендная, 15-20 тысяч в месяц, как общежития, было бы вообще супер...Работаю год, пенсионные, все есть. Но копить у меня денег нет. Я не могу себе позволить даже....


- Жилстройда жоқ счет, тіркелген жоқпын.


- Вот год работаю, планирую открыть счет в ЖСББ, может через год, может через 2-3. 


Жалдамалы пәтер алудың талаптары 1 тамызда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің сайтына шығады.


Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Әрине, басымдық отбасылы, жұмыс істейтін жастардан бөлек әлеуметтік әлсіз топтағы азаматтарға да беріледі. Миллион халқы бар бір мегаполис үшін 1000 пәтер деген өте аз екені анық. Сондықтан бір пәтерге бір мың адам таласатын түрі бар.


astanatv.kz


 




Көрілген: 1319    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.07.2019, 09:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31