Нарық

Жеке тұлғалардың мүлкі мен жеріне салынатын төлемдер бір салыққа біріктірілмек

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Заң жобасының негізгі мақсаты - инвестициялар тартуды ынталандыру, бизнес-ортаны дамыту, салықтық әкімшілендіруді жақсарту. Атап айтқанда, түзетулердің бірінші блогы жеке тұлғалардың салық төлеу бағытын жақсартуға бағытталған.

 

«Жеке тұлғалардың мүлкі мен жеріне салынатын салықтардың салық элементтерін өзгертпей, бір салыққа біріктіру ұсынылады. Яғни, 2 салық бірыңғай төлеммен төленеді. Бұл түбіртектерді толтыру және банк комиссияларын төлеу сияқты шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді», - деді ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Тәкиев.

 

Бұдан бөлек ол көп пәтерлі тұрғын үйлердің иелері үшін жер салығын алып тастау ұсынылып отырғандығын атап өтті.

 

«Бұл салық сомасының мардымсыз болуына, есептеудің күрделілігі және әкімшілендірудің айтарлықтай шығындарына байланысты», - деп түсіндірді вице-министр.


 




Көрілген: 356    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.03.2020, 17:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Наурыз, 11:43
    Доллар 402 теңге болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30