Нарық

Жұлдыз қонақтарға кигізетін шапандардың бағасы белгілі болды

  • Жұлдыз қонақтарға кигізетін шапандардың бағасы белгілі болды

    Жұлдыз қонақтарға кигізетін шапандардың бағасы белгілі болды

Бұрынғы мәдениет және спорт министрі, ал қазір Ұлттық музейдің директоры қызметінде жүрген Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстанда жұлдыз қонақтарға кигізетін шапандардың бағасын атады. Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.


Бұрынғы министр елде өткізілетін барлық мәдени іс-шара жақсы өтуі үшін (Қазақстан хандығының 550 жылдығы, 2016 жылғы Олимпиада ойындары, EXPO және тағы басқа) бірінші кезекте өзге елдерден келетін қонақтармен жақсы қарым-қатынас керек дейді. Сондықтан олар үнемі шетелден келген жұлдыз қонақтарға шапан кигізіп отырған екен. "Шапандардың бағасы 300-400 мың теңге аралығында. Бірақ бұл баға олардың Қазақстанға жасайтын жарнамасымен салыстыруға келмейді. Николас Кейджді мазақ қылып, түрлі мемдер пайда болған кезде ашуландым. Сондықтан мен келесі жолы Пласидо Домингоға қолдау көрсетуін сұрап, барлығын түсіндірдім. Ол біз берген шапанды киіп, Instagram-ға жариялап, "жергілікті өңірдің дәстүрлерін сақтай отырып... Қазақстан - тамаша ел!" деп суретінің сипаттамасына жазып қойды", - дейді экс-министр. Бұдан бөлек, Мұхамедиұлы министр қызметінде жүзеге асырған жобаларын айтып, тағайындалуына қатысты пікір білдірді Естеріңізге сала кетейік, шапан киген қонақтардың ішінде Голливуд актері, продюсер және кинорежиссер Николас Кейдж бар, ол биыл 22 шілдеде Астанаға "Еуразия" Халықаралық кинофестивалінің қонағы ретінде келген болатын. Оның шапанмен түскен фотосуреті әлеуметтік желілерде танымал болып, мемге айналған еді. Ал кейін Қазақстанның ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Голливуд актері Николас Кейдждің желіде танымал болған суретінен кейін шапанды ведомствасының әрбір қонағына сыйлауға уәде берген болатын.  




Көрілген: 1063    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.08.2019, 10:44

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 20:02
    Қарыз қажытты ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30