Нарық

Жұмыс берушілер қызметкерлеріне 1 млрд теңге қарыз

  • https://infoindustria.com.ua/

    https://infoindustria.com.ua/

Жыл басынан жалақы берешегі бойынша берілген ұйғарымды орындамаған жұмыс берушілерге қатысты сот орындаушыларына 718 іс жолданды.

 

Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Қазақстан Республикасының Үкіметі еңбек құқықтарының бұзылу фактілерін, сондай-ақ жалақы берешектерін болдырмауға қатысты жұмыстарды күшейтіп, тиісті шаралар қабылдауда. Осы жылдың 5 наурызына елімізде жалақы берешегінің сомасы 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (1,1 млн теңге) 62 млн теңгеге немесе 4 пайыз төмендеп, 1 млрд теңгені құрады. Жалақы берешегіне жол берген 210 кәсіпорынның басшыларына мемлекеттік еңбек инспекторлары 189 ұйғарым берді және 18,5 млн теңгеге айыппұл салынып, 1,8 мың жұмыскер алдындағы 814,6 млн теңге сомасында жалақы берешегі өтелді. Жыл басынан бері жалақы берешегі бойынша берілген ұйғарымды орындамаған жұмыс берушілерге қатысты сот орындаушыларына 718 іс жолданды, ол өткен жылмен салыстырғанда 40 есе көп», - деді Асқар Мамин.

 

Оның атап өтуінше, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталмауы, оның ішінде жұмыскерлерге жалақы төлемеу бөлігінде шағын және микрокәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексерулер тағайындау алгоритмі бекітіліп, жергілікті атқарушы органдарға жұмыс үшін жолданды.

 

«Жаңа Алгоритмнің өлшемшарттары негізінде жыл басынан бастап 22 шағын және микрокәсіпкерлік субъектісінде жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. Сондай-ақ жалақы берешегі бар кәсіпорындар, оның ішінде шағын және микрокәсіпкерлік кәсіпорындарының басшылары алгоритмге сәйкес өңірлердің Дағдарысқа қарсы штабтары мен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияларында тыңдалуда», - деді Үкімет басшысы.

 

 




Көрілген: 1216    Пікірлер: 0

жұма, 26.03.2021, 11:03

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31