Нарық

"Қабырға қайыстыратын жағдай": Мәжіліс депутаты бар шындықты айтты

  • ©zhanaqorgan-tynysy.kz

    ©zhanaqorgan-tynysy.kz

Бұл туралы Үкімет сағатында Мәжіліс депутаты Сауытбек Абдрахманов көтерді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

 

Депутаттың айтуынша, Кеңес армиясының ширек бөлігіне жуығын етпен қамтамасыз еткен Қазақстан қазір сырттан ет сатып алатын мемлекетке айналып отыр.

 

«Бұл - қабырға қайыстыратын жағдай. Фактінің аты факт. Кеңес армиясының ширек бөлігіне жуығын етпен қамтамасыз еткен Қазақстан қазір сырттан ет сатып алатын мемлекетке айналды. Қазір елде азық-түлік дайындауда жеке сектордың үлесі тиімді пайдаланылып отырған жоқ», - деді ол.

 

Ол - ол ма, Сауытбек Абдрахманов қазақтың бақтым деген малы тойы мен ішіп-жемінен артылмайтынын, тіпті аталған шаруашылық түріндегі бар мотивациясы да сол төңіректе шектелетінін айтып қынжылған.

 

«Ауылдағы азаматтардың мал өсіруге деген мотивациясы төмендеп кетті. Бірінші мотивация - күнделікті ішіп-жем, екінші мотивация – тойға мал жинау. Үшінші мотивация - қонақ күту. Одан артылатын малдың ауыл адамына қажеті шамалы болып тұр. Өйткені, ол малды нарыққа қосып, ақшаға айналдыра алмайды. Аудан орталықтарының жанында тұрған адамдар болмаса, 100-200 км қашықтықта тұратындардың малды қалаға әкеп өткізетін мүмкіндігі жоқ», - деді Мәжіліс депутаты.

 




Көрілген: 159    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.03.2020, 18:28

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Наурыз, 11:43
    Доллар 402 теңге болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31