Нарық

Қарағандыда әкімдік қызметкері салыққа 65 млн теңге берешек

  • © Liter.kz

    © Liter.kz

Қарағандыда 10 жыл бойына салық төлемеген әкімдік қызметкері анықталды. Оның мемлекетке берешегі - 65 миллион теңге, деп хабарлайды kaz.zakon.kz Литер газетіне сілтеме жасап.


Салық бойынша "чемпион" атанған ер адам, анау-мынау емес, облыстық әкімдіктедің бірінде жұмыс істейтін болып шықты. Оның мемлекетке жалпы қарызы 65 миллион теңгені құрайды. Мұның бәрі ер адамның жер салығын төлемегеннен жиналған қарыз екен. Нақтысында, 37 миллион теңге – нақты қарызы, ал 28 миллионы оған қосылған айыппұл екен. Мұны борышкердің өзі айтады.


Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің бас маманы кезінде 37 гектар жерді өз меншігіне алып алған. Заң бойынша ол сол арада 5 жыл ішінде бірнәрсе тұрғызуы тиіс, бірақ 10 жыл бойына ол жер игерусіз жатқан.


"Мен қайдан білейін, жерге мұндай үлкен салық төлеу керектігін. Маған жылына 5,5 миллион теңге төлеу керектігі туралы түбіртек қағаз келіп тұрды. Ал мен секілді мемлекеттік қызметкерде ондай ақша қайдан болсын?", - дейді ол.


Бұл адам кезінде Жер қатынастары бөлімінің бастығы болыпты.


- 37 гектар жерге мен не саламын? Ол зауыт немесе өнеркәсіп салуға арналған орын. Қазір бұл іске сот орындаушылары кірісіп жатыр. Жер телімі тәркіленді. Мен оны сатуға келісімімді беретін қағаз өткіздім, - дейді әкімдік қызметкері.





Көрілген: 486    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.10.2019, 14:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31