Нарық

Қарағандыда иммунитетті көтеретін сүт өнімдері шығарылып жатыр

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Қарағандылық азық-түлік өндірушілер әлемді жайлаған қатерлі вируспен күресті бастап кетті.

 

Қазір сүт өндіретін фабрика өкілдері өз өнімдерінің құрамына аса қажет дәрумендерді қосып сатуда.

 

Технологтар осылайша иммунитеті мықты адамның ағзасы вирусқа төтеп беретініне сенімді. Мұнда тек тәулігіне шамамен 40 тонна сүт өнімдері дайындалады.

 

Шығарылған тауар тек Қарағанды емес, Қазақстанның өзге қалаларына да жөнелтіледі.

 

Мысалы қазір карантинге жабылған елордаға тәулік сайын 15 тонна дәруменге бай айран, йогурт, қаймақ жеткізіледі.

 

Ерлан Әшім, сүт фабрикасының директоры:

 

– Біз әрине тағам шығарамыз. Бұл қандай вирус, қоғамға, елге біздің тағамдарымыз арқылы қандай көмек бере аламыз деп зерттей бастадық. Сосын мынадай шешімге келдік. Қазір авитаминоз кезінде, наурыз, сәуір айларында ең керегі – иммунитетті нығайту. Сосын біз бірнеше өнімге витамин қосу туралы шешім қабылдадық. Әрине экономиканы қарасақ баға қосылды, бірақ біздің көмек осы болсын деп біз тауар бағасын көтермедік.

 

24.kz




Көрілген: 488    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.03.2020, 09:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қыркүйек, 18:20
    Жалақымен баюға бола ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30