Нарық

Қаржы министрі Қазақстанда бай болудың жолдарын айтты

  • Қаржы министрі Қазақстанда бай болудың жолдарын айтты

    Қаржы министрі Қазақстанда бай болудың жолдарын айтты

 Премеьер-министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайлов Tengrinews.kz-ке берген сұқбатында Қазақстанда бай болудың тәсілдерімен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.


"Менің өмірлік тәжірибем адамның өз-өзімен жұмыс істеу қажет екенін көрсетеді. Ол үнемі өзіне қолайлы ортадан шығып кетуі тиіс.

Бұл адамның дамуына, шыңдарды бағындыруға кері әсер етеді. Адамдардың басым бөлігі, бәлкім, әлемнің 90%-ы қолайлы ортадан шыққысы келмейді.


Адамдық жаратылыстың өзі сондай. Олар қиналғысы келмейді. Егер артық бос уақыты бар болса, олар диванда жатып, не болмаса достарымен сыра ішкенді жөн көреді.


Алайда сол уақытты өзін-өзі дамытуға жұмсамайды", - деп жауап берді ол Қазақстанда қалай баюға болады деген сұраққа.

Смайловтың сөзінше, "қолайлы ортадан шығып, дами алатын адамдар қойған мақсаттарына жетеді" екен.


"Сол себепті, адамның бай болар-болмасы оның өзіне байланысты. Бай болу үшін өз-өзіңмен жұмыс істеу қажет.

Біріншіден, нақты мақсаттар қою керек. Мәселен, кәсіппен айналысып, кішкентайдан бастап өсу қажет. Өзіңнің жетістіктеріңді көбейткен дұрыс", - деді вице-премьер министр.

Сонымен қатар, ол бай болуды емес, бақытты болуды мақсат ету керек деген сенімде.


"Бақытты болғым келеді деген мақсат қою керек. Сенің отбасың, отбасыңда бақыт, шаттық болу қажет. Ол үшін көп ақшаң болу міндетті емес. Иә, тұратын орның мен күнделікті тамағыңа жететін ақшаң болуы шарт", - деп пікір білдірді Смайлов.


KAZ.NUR.KZ.




Көрілген: 793    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.08.2019, 10:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31