Нарық

Қазақстан ауыз су мәселесін шешуге 498 миллиард теңге жұмсамақ

  • Қазақстан ауыз су мәселесін шешуге 498 миллиард теңге жұмсамақ

    Қазақстан ауыз су мәселесін шешуге 498 миллиард теңге жұмсамақ

Халықты ауызсумен қамтамасыз ету үшін 2021-2025 жылдар аралығында республикалық бюджеттен 498 млрд теңге жұмсалмақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық жоба шеңберінде 2021-2025 жылдар аралығында республикалық бюджеттен 498 млрд теңге, оның ішінде ауылдық елді мекендерге 261 млрд теңге бөлу көзделуде.

 
“Ағымдағы жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу мен реконструкциялауға 151,4 млрд теңге, оның ішінде қалаларда – 77,3 млрд теңге, ауылдарда – 74,1 млрд теңге көзделген", - деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бейбіт Шаханов.

Оның айтуынша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша ел халқының 95% сапалы сумен жабдықтау көзделген, бұл көрсеткішті қалада – 98%, ауылда – 91,8% жеткізу жоспарланған.

Бейбіт Шаханов сондай-ақ, Қазақстанда тұрғындарының саны 10-ға жетпейтін 45 ауыл барын жеткізді. 

"Ел бойынша барлығы 6 316 ауыл бар. Оның ішінде халық саны 50 адамнан кем – 348 ауыл (10,1 мың адам) және 10 адамнан кем – 45 ауыл (253 адам) бар. Оның ішінде 3 991 ауыл орталық сумен қамтылған, 403 ауылда кешенді блок-модульдер орнатылған. Ауызсумен қамтылмаған 1 922 ауылдың 793-інде орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйелерін салу жұмыстарын жалғастыру жоспарланып отыр", - деді комитет басшысының орынбасары.




Көрілген: 480    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.10.2021, 14:00

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31