Нарық

Қазақстан сын-қатерлерге дайын ба - министр "Б" жоспары туралы айтты

  • Фото Tengrinews.kz/Турар Казангапов

    Фото Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Үкімет елде әлеуметтік-экономикалық жағдай нашарлаған жағдайда "Б" жоспарына көшеді. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Nur Otan фракциясының кеңейтілген отырысында мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин үкіметте экономика нашарлаған жағдайда "Б" жоспары бар-жоғын сұрады.

 

"Әсет Арманұлы, 2019 жылдың қорытындысы бойынша шағын және орта бизнес үлесі 31,7%-ті құрады. Алдын ала болжамға сүйенсек, 2020 жылы &ndash 28,5%. Мұнда бәрі түсінікті, шағын және орта бизнестің төмендеуі &ndash коронавирус пандемиясының салдары. Бірақ, сайлауалды бағдарламада нақты цифр көрсетілген &ndash 2025 жылға қарай 35%. Коронавирус пандемиясы не болатынын, экономика қашан қалпына келетінін, қандай да бір жаңа теріс факторлар әсер етіп-етпейтінін білмейміз. Партия төрағасы да, мемлекет басшысы да "Б" жоспары болуы тиіс екенін айтады. Егер біз сын-қатерлермен бетпе-бет келсек, біздің соған қарсы қосымша іс-қимыл жоспарымыз бар ма", - деп сұрады Нығматулин.

 

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев "Б" жоспары дайын екеніне сендірді.

 

"Үкімет Ұлттық банк және Қаржы нарығын дамыту агенттігімен бірлесіп, әлеуметтік-экономикалық ахуалдың нашарлауы жағдайына іс-қимыл жоспарын әзірледі. Оған контрциклдік сипаттағы шұғыл шаралар топтамасы кіреді. Ол халық пен бизнеске қажетті қолдау көрсетуге және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған. Жоспар триггер іске қосылған кезде күшіне енеді", - деді министр.

 

Айтуынша, триггер арасында коронавирустың таралуы, мұнай бағасының құбылуы мен басқа да сыртқы факторлар бар.

 

 

 




Көрілген: 2677    Пікірлер: 0

жұма, 12.02.2021, 14:13

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30