Нарық

Қазақстан тұрғын үйді жалға алу арзан елдердің қатарына кірді

  • Қазақстан тұрғын үйді жалға алу арзан елдердің қатарына кірді

    Қазақстан тұрғын үйді жалға алу арзан елдердің қатарына кірді

Қазақстанда абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу құны бір жылда тоғыз пайызға, ал абаттандырылмаған тұрғын үйді жалға алу құны төрт пайызға өсті. Бұл ретте Қазақстан тұрғын үйді жалға алу құны бойынша арзан елдердің бірі болып қалуда: бұл рейтингте 138 елдің ішінде 107-орында тұрмыз, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Тұрғын үйді жалға алу құны бойынша әлем елдерінің рейтингінде Қазақстан 2021 жылдың басында 138-ден 107-ші орынды иеленді. Рейтинг Нью-Йорктағы бға бойынша елдерде жалға алу қаншалықты қымбат немесе арзан екенін бағалайды, оның индексі - 100. Егер елдің индексі 110 болса, онда жалдау Нью-Йоркке қарағанда 10 пайызға қымбат тұрады. Егер, мысалы, 95 пайыздан аз болса, онда бұл америкалық мегаполиске қарағанда бес пайызға арзан, дейді сарапшылар.

 
Қазақстанның рейтингтегі индексі небәрі 9,31-ді құрады.

Ең қымбат тұрғын үйді жалға алатын елдер: Бермуд, Гонконг, Сингапур. Рейтинг бойынша ең арзан тұрғын үйді Ауғанстаннан табуға болады.

Бұл ретте 2020 жылғы желтоқсанда Қазақстанда абаттандырылған тұрғын үйді жалға алудың орташа құны бір шаршы метр үшін 1,6 мың теңгені құрады - бір жыл бұрынғыға қарағанда 9,3 пайызға артық. Қарашамен салыстырғанда абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу құны 1,2 пайызға өсті.

Еліміздің ірі қалалары мен мегаполистерінің арасында секторда жалға алу бағасы ең жоғары Нұр-Сұлтан (2,9 мың теңге), Алматы (2,3 мың теңге) және Ақтау (2 мың теңге) қалаларында тіркелді. Ал ең төменгісі Семейде (шаршы метріне 1,2 мың теңге).

Абаттандырылмаған тұрғын үйді жалдаудың орташа құны бір шаршы метр үшін 848 теңгені құрады - бір жыл бұрынғыға қарағанда 3,5 пайызға қымбат. Бір ай ішінде жалдау құны шамалы - 0,5 пайызға өсті.

Абаттандырылмаған тұрғын үйдің ең жоғары бағасы Алматыда (1,6 мың теңге), Нұр-Сұлтанда (1,6 мың теңге) және Талдықорғанда (бір шаршы метрге 1,1 мың теңге) байқалады.




Көрілген: 3110    Пікірлер: 0

жұма, 05.02.2021, 11:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30