Нарық

Қазақстанда «G to G» тұжырымы бойынша жаңа жоба енгізіледі

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Өзара бағалаудың екінші раундына еліміздің тиімді дайындығын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі «Қаржылық мониторинг кеңесшісі» жобасын енгізеді.

 

ҚМА-ның Төрағасы Жанат Элиманов осы жобаны барлық мүдделі ведомстволарды қатыстыра отырып, іске асыруды ұсынады, бұл Өзара бағалауға дайындықта ғана емес, сонымен бірге елімізде жылыстатуға қарсы саясатты іске асыруда да қаржылық мониторинг субъектілерінің барлық реттеушілерімен тиімді өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді.

 

Ведомствоаралық кеңес отырысында ҚМА Төрағасының Бірінші орынбасары Ермек Оспанов осы жобаны «G to G» сервистік моделі шеңберінде таныстырды.

 

Оның сөздеріне сүйенсек, бұл жобаны енгізумен қатар, халықаралық сарапшылардан сұхбат алуға дайындық секілді маңызды мәселені де шешуге болады.

 

«Қаржылық мониторинг кеңесшісі» жобасы сарапшыларды, КЖ/ТҚҚ саласына жетекшілік ететін мемлекеттік органдар департаменттерінің басшылары мен орынбасарлары тартылған үш буынды жүйені көздейді.  

 

Жоба сәтті іске асырылған жағдайда өзара бағалаудың келесі кезеңдерінде қолданылатын болады, сондай-ақ, Еуразиялық топтың елдеріне оң тәжірибе ретінде таныстырылмақ.

 

 

 

BAQ.KZ




Көрілген: 811    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.04.2021, 01:56

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30