Нарық

Қазақстанда автобөлшектерді сату тәртібі өзгерді

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    © Sputnik / Тимур Батыршин

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев автобөлшектерді сату тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды sputniknews.kz  тілшісі.

 

"Бұдан былай қолданылған автобөлшектерді тек арнайы дүкендерде және сауда орындарында ғана сатуға болады. Міндетті түрде келісімшарт рәсімделуі керек. Ол құжатта автобөлшекті тапсырған адамның жеке мәліметтері көрсетілуі шарт. Бұдан бөлек, тапсырылған құрал-сайманның фотосы тіркеледі", - деді Тұрғымбаев онлайн режимде өткен есеп беру кездесуінде.

 

Министрдің айтуынша, сондай-ақ ұлттық банкпен бірге ломбардтарға қатысты жаңа талаптар енгізілген. Осының арқасында ұрланған заттар қабылданбайды.

 

"Енді, ұрлық екінші рет жасалса, ондай әрекет ауыр қылмыстардың санатына жатады. Яғни қылмыскер зардап шеккен адаммен татуласа алмайды. Жазадан құтылмайды. Осы өзгерістердің арқасында ұрлықтың саны азайып отыр", - деп түйіндеді Тұрғымбаев.

 




Көрілген: 422    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.06.2020, 16:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31