Нарық

Қазақстанда азық-түлік бағасы бір жылда 8,6% өсті

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Баға азық-түлік тауарларына бір жылда (2020 жылғы ақпан 2019 жылғы ақпанға) 8,6% өсті. Бұл туралы ҚазАқпарат Статистика агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

 

Нан өнімдері және жармалар, ет, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май және тоңмай, кондитерлік өнімдер, жаңа жиналған көкөністер мен жемістер, алкогольсіз сусындар және алкогольді ішімдіктер қымбаттады, ал қант арзандады.

 

2020 жылғы ақпанда жарма өнімдері тобында қарақұмық жармасына орташа бағасы килограмына 326 теңгені (2019 жылғы ақпанда – 243 теңге), сұлы жармасына – 352 теңгені (330 теңге), сөкке – 373 теңгені (254 теңге), күрішке 376 теңгені (323 теңге) құрады.

 

Құмшекердің орташа бағасы 2020 жылғы ақпанда килограмына 185 теңгені, 2019 жылғы ақпанда 236 теңген болды.

2020 жылғы ақпанда сүт өнімдерінен сүзбеге орташа баға килограмына 1615 теңгені (2019 жылғы ақпанда – 1579 теңге), қаймаққа – 1121 теңгені (1050 теңге), айранға – 300 теңгені (286 теңге), пастерленген сүтке 256 теңгеге (239 теңге) саудалануда.

 

 




Көрілген: 305    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.03.2020, 10:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30