Нарық

Қазақстанда бензин бағасын тұрақтандыру ұсынылды

  • Қазақстанда бензин бағасын тұрақтандыру ұсынылды

    Қазақстанда бензин бағасын тұрақтандыру ұсынылды

Мәжіліс депутаты Альберт Рау үкіметке бензин бағасын реттеу тетіктерін әзірлеу және енгізу қажет деп мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мәжілістің экономикалық реформалар және өңірлік даму комитетінің төрағасы жыл басынан бері АИ-92 маркалы бензиннің бағасы Алматыда литріне 150 теңгеден 168 теңгеге, Нұр-Сұлтанда - 170 теңгеге дейін көтерілгенін атап өтті. Ақтауда - 172 теңгеге дейін, Атырауда АИ-92 жанармайының бағасы 200 теңгеге дейін өсті. Осы мәселеге қатысты Альберт Рау вице-премьер Роман Склярға өзінің депутаттық сауалын жолдады.

 
"Егер бұрын бағаның өсуін мамандандырылған бөлім импортқа тәуелділікпен, сол немесе басқа мұнай өңдеу зауытында жоспарланған жөндеу жұмыстарымен түсіндірілген. Ал бұл жолы  Атырау мұнай өңдеу зауытындағы технологиялық қондырғылардың апаттық тоқтап қалуы бензин бағасына ықпал етті делінді. Біздің ойымызша, қарапайым көлік иелері бұдан зардап шекпеуі керек", - дейді Альберт Рау. 

Депутат бензин бағасының өсуі тарифтердің, тауарлар мен қызметтердің кең ауқымының ақырғы бағасына мультипликативті әсер ететіндігін, бұл қайтадан қарапайым тұтынушыларға зиянын тигізетінін айтты. 

"Сонымен бірге, бензин бағасының өсуі туралы жаңалықтардан кейін энергетика министрлігі жанар-жағармай материалдарының құнын көтеруге департамент жауапты емес деген хабарлама таратты. Бұл, бір сөзбен айтқанда, тиісті ведомствоның оғаш ұстанымы бензин бағасының көтерілуіне қатысты тиісті стратегия мен тиісті шаралардың жоқтығын айғақтайды. Үкіметке жанар-жағармай нарығындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша жедел шаралар қабылдау, бензин бағасын реттеудің тиімді тетіктерін әзірлеу және енгізу, бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттікпен бірлесіп, бағаны тұраұтандыру ұсынылады", - деп қосты Альберт Рау. 




Көрілген: 909    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.04.2021, 11:47

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31