Қазақстанда доллар арзандап жатыр

15 қазан 2021, 12:23

Теңгеге қатысты доллар курсы арзандап жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан қор биржасының KASE мәліметтеріне сілтеме жасап.

Таңертеңгі сауда-саттық нәтижесінде доллардың орташа бағамы 0,14 теңгеге төмендеп, 425,63 теңгені құрады.

 
Kurs.kz мәліметтеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа бағамы 425,32 теңге, сату бағасы - 426,84 теңге. Нұр-Сұлтандағы айырбас орындарында америкалық валюта орташа 425,12 теңгеден сатып алынады және 426,24 теңгеден сатылады.

Ұлттық банктің доллардың ресми бағамы 15 қазандағы жағдай бойынша 425,77 теңгені құрайды.