Нарық

Қазақстанда электр қуатының бағасы өсті

  • Қазақстанда электр қуатының бағасы өсті

    Қазақстанда электр қуатының бағасы өсті

Қазақстанда электр энергиясының бағасы көтерілді. Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев тиісті бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұйрық 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстанның 44 энергия өндіруші ұйымының 34-інде тариф бағасы өседі, 9-ында бұрынғы баға сақталады, ал біреуінде арзандайды.

Электр энергиясына шекті тарифтерді қайта қарау шамамен 27 мың жұмыс орнын сақтауға мүмкіндік береді.

"2020 жылы энергия өндіруші ұйымдардың шығындары оларға байланысты емес себептер бойынша (отын сатып алу шығындары, ЖЭК сатып алу көлемі, бюджетке төлемдер және жүйелік оператордың қызметтерін төлеу) ұлғайды. Сонымен қатар, станциялардың тозу деңгейі жылдан жылға артып келеді және қазіргі уақытта шамамен 60 пайызды құрайды. Осыған байланысты электрмен жабдықтау сапасына қауіп төніп тұр.

Бұл жағдай қазақстандық тұтынушыларды көрші елдерден электр қуаттарын реттеу жөніндегі қызметтерді жылына 8 миллиард теңгеден астам сомаға сатып алуға мәжбүр етеді, бұл да электр энергиясының түпкілікті бағасына әсер етеді. Осыған байланысты Қазақстанның энергия өндіруші ұйымдары сәуір айында топтар бойынша шекті тарифтерді түзетуге өтінім берді. Оларды қарау кезінде министрлік әр жағдай бойынша жеке тәсіл қолданды", - деп түсіндірді ведомстводағылар.

Болжамдар бойынша, шекті тарифтер өзгерген кезде статистикалық орташа пәтерлер бойынша (электр плиталары бар пәтерлерді есептемегенде, орташа тұтыну көлемі айына 170-220 кВт*сағ құрайтын екі немесе үш бөлмелі пәтер) электр энергиясын төлеуге арналған орташа чек ағымдағы шоттарға айына 200 теңгеден аспайтын сома қосылу арқылы төртінші тоқсанда ұлғатылуы мүмкін.

 




Көрілген: 422    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.06.2020, 19:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31